Оңтүстігім - айбыным. Өлең

Oinet.kz 08-01-2020 946

Бар ұлттың ұйытқысына айналдың,

Ашаршылық тақсіретін арқалап.

Өзіңе кеп қоныстанып, ес жиды,

«Елім-айлап» тоз-тоз болған шартарап.


Қайғы-мұңын бола тұра басыңда,

Жүрдің ылғи өзге ұлттың қасында.

Біріктірдің барлық ұлттың өкілін,

Дос көңілмен ғасырлардан ғасырға.


Мерейтойың - рухани байлығым,

Бастан өткен талай-талай қайғы-мұң.

Оңтүстігім, шарықтаған шағыңда,

Оңнан тусын аспандағы Ай, Күнің!

Астана - ел жүрегі. Өлең
Оңтүстік - өнер аймағым. Өлең
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу