Көркем мінез туралы шығарма

Oinet.kz 01-01-2020 2441

Адамды алғаш көрген сәтімізде бәріміз де оның сыртқы келбетіне, түр-әлпеті мен пішініне назар аударатынымыз белгілі. Адам табиғаты сұлу жаратылыс. Ол өте епті. Ал бірақ та уақыт өте келе оның сыртқы кейіпі екінші орынға түседі де, алғашқысы оның ішкі сұлулығы, жан дүниесі болады. Сондықтан да адам ең алдымен өзінде адамды тәрбиелеу қажет. Адами құндылықтарға бейімделгені абзал. Тек сонда ғана ол көркем мінезге, жайлы мінезге ие болады.

Znalezione obrazy dla zapytania истинная красота

Әрине, мінсіз адам жоқ. Көркем мінез иесі болу үшін де мінсіз болып қажет емес. Тек ішіміздегі адам атын сақтайық. Залымдыққа жол бермей, бір-бірімізге, табиғат пен қоршаған ортаға жанашыр болайық. Кішіпейілділік, парасаттылық, адамгершілік, қамқорлық адам баласына қашан да жарасқан. Ол кез келген адамды сұлуландырып тұратындай.

Менің ойымша, адамның шынайы сұлулығы – ішкі сұлулығы, оның жаны, ыстық, қайырымдылығы, мейірімді жүрегі. Өйткені, егер бір адам басқа адамға бәрін жасауға, ең қымбатын беруге, кез-келген өтініштерін жерде қалдырмауға, кез-келген жағдайда қайтаруын ойламай көмек берсе, онда бұл адам ең сұлу адам. Егер де барлық адамның жаны сұлу болған кезде әлемде соғыс. ұрыс, төбелес болмай, барлық адамзат бейбіт өмір сүруші еді.

Өз надан, жаны лас адам қанша жерден сұлу болғанымен оның басқа адамдарға ұнай қоюы екіталай.

Отан. Өлең
Астана - ел жүрегі. Өлең
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу