Шығарма. Тәуелсіздікке 30 жыл

Oinet.kz 01-01-2020 1597

16 желтоқтан Қазақстанның ресми түрде бекітілген тәуелсіздік күні. Тәуелсіздік - қаншама еңбек пен атқарылған жұмыс пен, өткерілген уақыттың арқасында қазақ басына біткен асыл қазына, біздің мақтанышымыз, қуанышымыз. Біздің бейбіт мамыражай күндеріміз бен, кез келген жеңісіміз үшін осы күндерге айтар алғысымыз шексіз болуға тиіс.

Znalezione obrazy dla zapytania независимость

Егемендік бізге 1991 жылы келді. Ал 1986 жылы 16 желтоқсан күні еліміздің жастары, студенттері суық күннің ызғарына қарамастан елін орыстардың озбырлығынан әбден мезі болып шеруге шығады. Сол күн біздің егемен ел болуымызға себепші болды. Олар ертеңгі ұрпағы үшін, біздер үшін алаңдады. Балаларын ит пен құсқа жем қылмай, азаттық алып  беріп, бізді байытты. Осынау кең байтақ жер мен бейбіт мекен ендігі біздің меншігімізде. Біздің алдағы мақсатымыз осы елді аман-есен келесі ұрпаққа аманаттау болып табылады.

Егеменді ел болудың жолында қаншама қазақтың арулары мен батырлары құрбан болды деңізші. Біз әр жыл осы кісілерді еске алу үшін алаңдарға шеруге шығамыз. Тәуелсіздік алған жылдары да біздің ата-әжелерімізге оңай болмаған, ұзақ жылдар тар жол, тайғақ кешуден өткен. Тек араға он, жиырма жыл салып біз еңсемізді көтеріп, өз нәтижелерімізді ауыз толтырып, мақтана айта аламыз. Бүгін нық сеніммен Қазақстанды әлемдік аренадағы өзіндік орны бар, дамыған ел деп айта аламыз. Біз батыр елдің ұрпақтарымыз. Біз ата мен әженің көзін көрген, соғыс ардагерлерінің көзін көрген ұрпақпыз. Тәуелсіздікпен бірге әлі көреріміз алда екені анық. Еліміз бейбіт, жұртымыз тыныш болғай!

Жеміс-жидектер туралы шығарма
Шығарма. Тазалық – денсаулық кепілі
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу