Жеміс-жидектер туралы шығарма

Oinet.kz 01-01-2020 12917

Әлемде жемістің түр-түрі бар. Олардың бәрі дәмді және әртүрлі келеді. Мәселен экзотикалық жемістер әлемнің тек бірнеше елдерінде, ыстық өлкелерінде өседі. Жемістерді олар басқа елдерге тасымалдау арқылы таратады, барлық ел оның дәмін көреді. Олардың иісі мен дәмінен бөлек, пайдалы тұстары өте көп. Адам организміне қажетті көптеген пайдалы дәрумендер осы табиғат жаратылыстарында екен. Олардың пайдалары ұшан-теңіз.

Znalezione obrazy dla zapytania фрукты

Менің ең сүйікті жемісім - банан. Мен расымен де банан жеген сәтімде көңілім көтеріліп, өзімді жақсы сезінемін. Ол тек тойымды ғана емес, өте пайдалы да. Сондай-ақ алма, алмұрт, анар секілді жемістерді де сүйіп жеймін. Үйде анам жемістер мен көкөністерды сығып, дәмді шырындар жасайды. Біздің үйде цитрустыө жемістерді де сүйіп жейді, ал тамақтан соң кальций мен темірге бай алманы тұтынған дұрыс. 

Жеміс-жидекті көп жейтін балалардың денсаулықтары өте мықты, есте сақтау қабілеттері аса жоғары болады. Және де қыстың күні иммунитеттері жоғары болғандықтан ауырмайтын болады. Жемістердің пайдалы тұстары тек құрамында ғана емес. Олар адамның көңіл күйін көтереді, біршама сергек етеді, дәрументерін байытады, арықтауға немесе керісінше салмақ қосуға көмектеседі, холестериннен қорғайды, адам ағзасын жас күйінде сақтайды. Міне көріп тұрғандарыңыздай оның пайдасы өте көп. Сондықтан, балалар, жеміс-жидекті көп жеуге, зиянды тамақтарды аз тұтынуға тырысыңыздар.

Саяси қуғын-сүргін құрбандары туралы шығарма
Шығарма. Тәуелсіздікке 30 жыл
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу