Қыз Жібек пен Төлеген туралы шығарма

Oinet.kz 01-01-2020 4479

"Қыз Жібек" - лиро-эпостық жыр. Оның басты кейіпкерлері Қыз Жібек пен Төлеген деген екі қос ғашық. Жырда махаббат пен батырлық жайлы жырланады. Ол шамамен XVIІ ғасырда елдің батыс өңірінде Кіші жүз қазақтарының арасында кеңінен таралып, оқылып жүрген. Кейіннен өзге тілдерге де аударылып, халық арасына кеңінен тарайды. 

Жырда қазақ елінің сол кездегі хал-ақуалы, тұрмыс-тіршілігі анық бейнеленген. Барлық салт-дәстүрлер аталынып көрсетілген. Жырдағы ең басты назар Қыз Жібектей қайсар, бірбеткей қыз бен айтқанынан қайтпайтын, бір елдің батыры Төлегенде болады. Сондай-ақ жырда зұлым Бекежан осы екі ғашықтың арасына іріткі салып, Жібекті әйелдікке өзі алғысы келеді.

Бұл қос ғажық жайлы қазірде білмейтіндер жоқ болар. Бірі жырын оқыса, екіншісі фильмін тамашалағаны анық. Алайда, бұл дастан шынымен де өмірде болған жандар жайлы ма, жоқ па, онысы белгісіз. Себебі бәзбіреулердің айтуынша бұл ноғайлардан тараған шынайы дастан болса, кейінгілері ойдан шығарылғандығын алға тартады.

Десе де махаббат пен батырлықты тілге тиек еткен бұл жыр көптің құлағының құрышын қандырғаны анық. Қыз Жібек пен Төлегеннің махаббатын бірін-біріне тілеп жатқан бүгінгі қазақ олар шынайы болса да, болмаса да ұмытпақ емес.

Ләззат Асанова туралы шығарма
Ашаршылық жылдары туралы шығарма
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу