Тесік құмыра туралы аңыз
28-06-2022
Ләззат Асанова ел есіндегі қазақтың батыр қыздарының бірі. Ол елім, жерім деп жанталасып, азаттық үшін өз басын өлімге тіккен айбынды қыз. Ол небәрі 16 жасында ел батыры ретінде тарихқа аты алтын таңбамен жазылды. Қанды қырғынға
Ләззат 1970 жылы 27-шілдеде Талдықорған (қазіргі Алматы) облысы, Панфилов ауданы, Ақжазық (қазіргі Айдарлы) ауылында дүниеге келді. Жастайынан зерек болған Ләззат мектепті үздік бітіріп, Алматыға оқуға келген. Оның оқуға түскен жылдары Желтоқсан көтерілісімен тұспа-тұс келіп, 2 курс кезінде мерт болады. Анасына 16 жасар қызын жатақханада қыздармен қақтығысып қалып, 5 этаждан секіріп өлді. Қызыңыздың мінезі тік екен, -деп хабарлағанда, анасы мүлде сенбеген.
Батыр қыз жастайынан айтқанынан қайтпайтын, отанын шексіз сүйген патриот болған деседі. Алдымен Ләззат қанды қақтығысқа қатысып қамауға алынады. Кейіннен қыздың мәйіті жатақханаға алып келінеді. Анасына ол жатақханада қайтыс болды деп хабарлайды. Қызын жедел жерлемек болмағанда, анасы оның денесін өз көзімен көруді шешеді. Алайда Ләззаттың барлық жері сау, тек басы ойылғанын байқайды. Анасы 5 қаббаттан құлаған адамның денесі қалай ғана сау болады деп шағымдана бастайды. Осы оқиғадан 5 жыл өткеннен соң 1991 жылы тәуелсіздік алған сәттерде де анасы Алтынай Асанова қызының жазықсыздығын дәлелдемек болады. Тек 1997 жылы ғана, 10 жыл өткен соң Л. Асанова толықтай ақталып, Желтоқсан құрбаны болғаны анықталады.