Қайрат Рысқұлбеков туралы шығарма

Oinet.kz 01-01-2020 3037

Қайрат Рысқұлбеков 1966 жылы Жамбыл облысы, Мойынқұм ауданы, Бірлік ауылында  өмірге келген. Ол жастайынан оқуында үздік және қоғамдық істерде аса белсендігілігімен ерекше көзге түседі. Алдымен мектеп-интернаттағы 8 жылдық білім алып, кейіннен Бірліктегі бұрынғы Киров атыңдағы орта мектепте оқып, он жылдықты бітірген соң, әскер қатарына шақырылғанға дейін әкесі Ноғайбайға жәрдемші-малшы болып, Көктерек товарлы-сүт фермасында жұмыс істейді.

Znalezione obrazy dla zapytania Қайрат Рысқұлбеков

Қайратты бүкіл қазақ Желтоқсан қозғалысына қатысқан сәтінен танып қалған. Небәрі 20 жасында осындай батыл қадамға барған Қайратқа кейіннен халық қаһарманы атағы беріледі. Желтоқсан оқиғасы Қайраттың әскерден қайта оралған сәтімен тұспа-тұс келіп, 16 желтоқсан күні ел тәуелсіздігі үшін жанталаса шеруге шыққан студенттер тобын бастап шығады. 

Бұл шеру еліміздегі ең ауыр күндердің біріне айналады. Бейбіт шыққан шерудің соңы қан-төгіске, адамдарды тірідей көмуге алып келеді. 

Қайрат елім, жұртым деп өткен қазақ. Кім біледі дәл осы кісілер болмағанда жағдайымыз қазір қалай болатынын... Елестету де қиын. Осы қиын-қыстау кезеңдерде дүниеге келіп, азаттығы үшін күрескен азаматтар мәңгілік есімізде болады.

Түркістан туралы шығарма
Ләззат Асанова туралы шығарма
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу