Аманидің өлімі - Иранда көтерілісшілер жаппай тәртіпсіздіктер жасауға көшті

Oinet.kz 23-09-2022 1023

22 қыркүйек күні Тегеран мен Иранның бірнеше өқаласында ереуілге шыққандар жаппай полиция бөлімшелері мен көліктерді өртеуге көшкен. Аманидің өлімі тудырған наразылықтың жалғасып жатқанына алты күн, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі Dawn басылымына сілтеме жасап.

Screenshot_6.jpg

Иранда бірнеше күннен бері дінбасылардың үстемдігіне қарсы наразылық толқулары жалғасып жатыр. Бұл 22 жастағы Махсы Аманидің хиджаб кигені үшін тұтқынға алынып, кейіннен мерт болуына қатысты туындаған еді. 

"Әлеуметтік желілерде жалған қауесет таратып, қоғамның психологиялық қауіпсіздігіне қатер төндіретін ақпарат берушілерді анықтап, оларға қатысты шешуші шара қолданылады", – деді тәртіп сақшылары. 

Америка Құрама Штаттары бейсенбі күні Иран әдеп полициясына қарсы санкциялар енгізіп, оларды ирандық әйелдерге қиянат жасады және ирандық бейбіт шерушілердің құқықтарын бұзды деп айыптады. Сондай-ақ Иран армиясының құрлықтағы күштерінің басшылары мен Иранның барлау министріне санкция салғанын хабарлады. Онда Аминидің өліміне әдеп полициясы жауапты екені айтылған.

Көтеріліс болған күні елде мобильді интернет сөндірілген. Сәрсенбі күні елдің солтүстік-шығысындағы Мешхед қаласында ирандық үкіметті қолдайтын әскерилендірілген Басидж ұйымының мүшесі пышақтап өлтірілді.

Солтүстік-шығыста наразылық білдірушілер отқа оранған полиция бекетінің жанында "Өлеміз, өлсек те, Иранды қайтарамыз" деп айқайлады. Күрдістанда толқу басылғаннан кейін ел астанасы Тегеранда тағы бір полиция бөлімшесі өртенді.

«Бүкіл күшімді министрліктің дамуына жұмсап жүрмін»: Саясат Нұрбек баласы жайлы сұраққа нүкте қойды
Тесттовый
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу