Тесттовый
Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының Денсаулық сақтау саласындағы ынтымақтастық жөніндегі Кеңесінің XXXV-ші мерейтойлық отырысы аясында Түркістанда көршілес елдердің Денсаулық сақтау министрлері бас қосты.
Биыл 30 жылдық тарихы бар Кеңестің төрағалығы Қазақстанға тиген. Аталған кеңес биыл 100-ден астам мәселе қарап, 22 ірі халықаралық іс-шара өткізді. ТМД кеңістігінде медицинаны дамытып оны жаңа деңгейге шығары, халықтың денсаулығын жақсарту мақсатында жаңа жобаларды жүзеге асыру мақсатында Кеңес көптеген жүйелі жұмыстар атқарып, түрлі нәтижелерге қол жеткізді.
Түркістанда офлайн және онлайн режимде өткен басқосуда Қазақстан, Ресей, Өзбекстан мемлекеттерінің арнайы өкілдері баяндама жасап, бүгінгі денсаулық сақтау саласындағы өзекті мәселелерді қозғады. Осы кездесу барысында көптеген маңызды құжаттарға қол қойылып, меморандумдарға қол қойылуда.