Мұқағали Мақатаев туралы шығарма
Мұқағали Мақатаев шын аты Мұхаммедқали – қазақтың лирик ақыны, өз заманында лайық бағасын ала алмаса да өзінен кейінгілер үшін мәртебесі биік ақиық ақын. Өз заманында оны ешкім бағаламаған.Ал қазір өзі жоқ болса да аты өшпеген ақиық ақын.1931 жылы Алматы қаласында дүниеге келген.Балалық шағы соғыспен қатар өткендіктен, ақын тағдырдың ащы дәмін ерте татқан.
Қазіргі таңда Мұқағалидің есімін поэзия ақыны ретінде есімізге аламыз. Бұл ақынды танымайтын қазақ жоқ болар. Оның қазақтың қазақ болып қалыптасуына, қазақ тілінің өшпеуіне қосқан үлесі зор.
Мұқағали оңай жылдары дүниеге келмеген. Мұқағали Мақатаевтың балалық шағы қазақтың басына төнген қайғы-қасіреттің бірнешеуімен тұспа-тұс келді. 1932-33 жылдардағы ашаршылық кезінде ақын небәрі 1-2 жас шамасында болған. 1937 жылғы саяси қуғын-сүргін кезінде 6 жаста болады. Екінші дүниежүзілік соғыс барысында Мұқағали Мақатаев 10 жастағы бала екен. Соғыстың салқын қабағы ақынның шаңырағына оңай соққан жоқ. Әкесі Сүлеймен қан майданда қаза тапты. Осындай жағдайлар басынан өткенімен ,ақын оған төтеп бере білді.Сол кездері күйзеліске ұшыраған халыққа рухани жағынан көмек бере білген ақындардың бірі , осы Мұқағали Мақатаев болды.