Қош бол менің мектебім
Мектеп баланың екінші үйі. Мектеп - үлкен өмір баспалдағына алғашқы қадам. Бала бұл киелі орынға алғаш қадам бастаған сәттен бастап, өзінің еркін шағымен қош айтысады. Орта өмірге келіп, білім алады, баға жетпес білім мен аяулы ұстаздардың ақ тілегі мен тәрбиесімен жетіледі.
Мектеппен қоштасу, соңғы қоңырау соғылмақ... Қаз қатар түзілген оқушылар бірі ауылына, бірі қалаға асығып тұрса, әнеубір бұрышта әсте қуанбай, көңілдері құлазып, көздеріне жас толған оқушылар тұруы қажет. Олар бітіруші сыныптар. Мектеппен қош айтысып, үлкен өмірге аяқ бастағалы тұр. 11 жыл оқып білім алған мектебіне деген қимастық сезімдері жүздеріне таңба басылғандай айқын көрініп тұр. Тардай болып кіріп, таудай болып мектептен ұшып бара жатқан оқушылар.
Балдырап сөйлеп келген балапандар ендігі елдің аяулы азаматтары мен азаматшалары болуына тілектес ұстаздарының да қимастық сезімдері жанарларынан байқалады. Оқушыларын өз баласындай көріп, тәрбиесін берген мұғалімі ақ батасын беріп шығарып салып жатыр. Оның тілегі де белгілі болар. Олардың өмірден өз орындарын тауып, оқуларын әрмен қарай жалғастырып елдің елеулі, халықтың қалаулысы болғандары да...
Соңғы қоңырау сыңғырлады. Олар енді мектептен біржолата кетпек. Ең алғаш тәтті сещзімдер, достар, үйреніскен ортасы оның мәңгі есінде қалары анық. Ол осы мектептен білімнің іргетасын қалады. Ендігі кезек өзін-*өзі тану, өз орынын табу...