1 сәуір - күлкі күні
Әсілінде бұл мереке ең әуелде франция елінде тойланған екен. Кейіннен көршілес Ресейде, содан соң бізге жеткен екен. Алайда бұл күн күлкі күні емес, алдау күні деп айтылатын. Бұл күні ешкім, ешкімге сенбесе керек, себебі орысша мынадай сөз бар "Первая апрель - никому не верь".
Кеңес үкіметінің кезеңдерінде ешкім бір-біріне ренжімеген, себебі алдау бұл күні өте қалыпты жағдай болды. Тек қарапайым халық емес, биліктегі ел зиялылары да осы күні өздерін еркін ұстап күлуге ерік берген.
Бұл мереке пайда болуына байланысты көптеген мифтер кездеседі. Солардың ішінде ең шындыққа жанасатыны мынау екен. Бірде Петербургта өрт болғанда соғылатын дабыл, қарапайым күндердің бірінде қағылады. Адамдар сыртқа шығып, абыр-сабыр болады. Алайда еш жерде өрт ошағын көздері шалмайды. Сөйтсе бұл әзілкештердің әзілі екен. Ол күн 1 сәуірге тура келеді, сол кезден бұл атаулы күн алдау күні болып белгіленеді.
Мереке сондай-ақ әр елде әртүрлі аталады екен. Мәселен Франция, Англия, Америкада бұл – ақымақтар күні, Испанияда – дөкірлер, Үндістанда – тоқылдақ, Жапонияда – қуыршақтар, Шотландияда тепкі күні деп аталады екен.
1 сәуір ресми мереке емес, сол үшін де бұл күні қызметкерлер демалмайды. Десе де, күлуге ешкім шектеу қоймайды. Сондықтан да бұл күні бүкіл әлем күлімдеуі қажет.