Шығарма. Мектеп - кеме, білім - теңіз
Мектеп - білімнің бастауы. Мектеп - үлкен өмірге деген алғашқы қадам. Тардай кіріп, таудай болып шығатын аса бір ыстық мекен де осы жер. Ондағы ұстаздар мен достарымыз біздің есімізде мәңгі сақталатын адамдар.
Мектепке алғаш келген күннен-ақ біз қаншама жаңа дүниеге үйренеміз. Ал сіз елестетіңізші осындай жаңа дүниелердің қаншамасына үйренеміз. Өмір мектебіндегі алғашқы баспалдаққа қадам аттағаннан бастап, еліміздің саналы саналатын адамдары қатарына енеміз. 11 жыл өтеді де шығады, ал ол жерде алған білім біздің санамызда мәңгілік қаланатын кірпіш болып қалады.
Тек қана білім емес, саналы тәрбие, спорттық өнерге де үйренеміз, қоршаған ортамен тілдесуге, ортаға сіңісуге үйренеді. Бала өмірінің ең шат-шадыман, жайдары кездері осы мектеп қабырғасында өткен күндері болар. Себебі жоғары оқу орнына өткен аға-апаларымыз үлкен жауапкершілікпен жүретіні бар. Біздің еркелігіміз бен тентектігімізді көтеріп, өз баласындай қарайтын ұстаз, тәлімгерлер тек мектепте деп ойлаймын.
Мектептен кетуге мен ешқашан асықпаймын, себебі достарым мен ұстаздарымды қимаймын. Мектепте оқып жүрген сәтімізде барынша білім алайық. тегін білім, тегін кітап...меніңше бұл бізге жасалынып жатқан керемет мүмкіндік секілді.