Мектеп туралы шығарма

Oinet.kz 01-01-2020 1494

Мектеп бала өміріндегі білімге, өмірден өз орнын табуға деген ең алғашқы баспалдақ. Баланың еркелігін де, тентектігін де көтеретін осы мектеп қабырғалары. Асыр салып ойнайды да, білімді де алады, достар табады, ең алғаш достық, махаббат сезімдерін басынан өткереді. Күнде жаңа адамдармен аралас-құралас болуға, шексіз өзін бейбіт сезнуге, тегін білім алуға, ұстаздардың баға жетпес тәрбиесі мен өнегесін алуға мүмкіндік алатын киелі орын - оның ең алғашқы оқу ордасы, мектебі.

Podobny obraz

Мектептегі кездегі әрбір адамның өміріндегі ең асыл, ең қымбат кезеңдер деп түсінемін, себебі осы кезеңдерде бала көп нәрсеге үйренеді, өзін қалай ұстауды, ортада қалай сөйлеуді, мәдениетті жүріп-тұруды, ортамен ығы-жығы болысуды, бәрін-бәрін үйренетін секілді. 

Балбырап сөйлеп келген балдыршын, бір күнде-ақ алғашқы әліпбиін қолына алады. Білім деген қазынаның кілті оның қолына ерекше ілтипатпен табысталады емес пе? Бала осы сәттен бастап, мойынында жауапкершілігі бар елдің маңызы бар азаматына айналғанын ұғынса керек. Мектеп киімі үстінде, портфелі қолында, енді тек сапалы білім алып, ата-анасының үмітін ақтау, өмірден өз орнын табу міндеттеледі. Мектеп оның ендігі асыға баратын оқу ордасына айналады. 

Мұхтар Шаханов туралы шығарма
Шығарма. Мектеп - кеме, білім - теңіз
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу