Тұңғыш Президент туралы шығарма. Нұрсұлтан Назарбаев - Елбасы
Президент - ел жанашыры, парасат пен біліктілік, білім мен билікті бір басына біріктірген ерек тұлға. Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев осы айтылған сипаттамалармен дәл түседі. Өзінің биліктегі 28 жылында елбасы мұны бірнеше рет дәлелдеген.
Елбасының құқықтарына келсек, ол өмір бойы Қазақстан халқына, мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғаларға мемлекеттік құрылыстың маңызды мәселелері бойынша бастамалармен жүгінуге құқылы. Елбасы құрметіне бірнеше ел деңгейіндегі маңызды мекемелер мен қала атауы өзгертілген не берілген. Егер де 2007 жылы бір адамның қатарынан екі реттен артық президент болып сайлана алмайтыны туралы Конституцияның 42-бабының 5-бөлімі бекітілсе, енді ол бұл шектеу бірінші Президентке қолданылмайтын болды. Қазір, Конституцияның 46-бабының 4-бөлігінде Тұңғыш Президенттің мәртебесі мен өкілеттігі Конституциямен және Конституциялық заңмен белгіленеді.
Елбасыға қазақ халқы әлі күнге дейін шексіз алғысын білдіріп келеді, себебі халық өткерген ең қиын кезеңдерде ол ұлтын алға жетелеп шығу үшін аянбады. Елді оң бағыттарға жетелейтін бірнеше заңдар қабылдады. Мемлекет басындағы ең атаулы күндер осы тұғыш президентіміздің тұсында өтті деп санаймын. Н. Назарбаев ел құрметтейтін, тарихта өз ізін қалдырып үлгерген беделді тұлға.