Тұңғыш Президент күні

Oinet.kz 01-01-2020 1134

Еліміздің тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев. Бұл кісінің қазақ елі үшін атқарған қызметі ерекше, ауыз толтырып айтуға тұрарлық. Президентке Елбасы атағы босқа берілмесе керек, ол қиын-қыстау кезеңдерде, ел басына күн түскенде отанына пана болып, расымен де елін бастап, сол кезеңдерден жетелеп, алып шыққаны үшін де ол өз атағына лайық деп есептеймін!

Znalezione obrazy dla zapytania тұңғыш президент күні

Елбасы 1991 жылдың 1 желтоқсанында өз президенттік қызметін қабылдап алып, тақта 28 жыл отырды. Осы жылдардың ішінде ол елге жанашыр бола білді, әділ ел басшысы, халыққа үздік жол бастаушы бола білді.

2011 жылдың желтоқсанында парламенттің жалпы отырысында "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" заңға енгізілген өзгеріс қабылданды. Президент тиісті құжатқа қол қойған соң, 2012 жылдың 1 желтоқсанынан бері бұл күн мемлекеттік мереке деңгейінде тойланып келеді.
1 желтоқсан күні Бірінші президент құрметіне елдегі бүкіл мемлекеттік қызметкерлер демалысқа шығады. Алғаш президентке деген құрметті билікте елбасы атын мемлекеттік маңызы бар мекемелер мен қалаға беру арқылы көрсетті: "Назарбаев университеті", Назарбаев атындағы мәдени орталық, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасының кітапханасы, "Нұрсұлтан Назарбаев" атындағы халықаралық әуежай, тағысын тағы. Бұл атақтар тұңғыш президенттің еліне көрсеткен қызметі мен атқарған еңбегіне жауап деп білемін. 

Жалпы, бұл кісі тарихта қалатын, елеулі т ұлға, Қазақстанның тұңғыш Президенті.

Менің президентім
Тұңғыш Президент туралы шығарма. Нұрсұлтан Назарбаев - Елбасы
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу