Болатқан Тәшенов. Ілияс Жансүгіровке жазған хаты

Oinet.kz 16-12-2019 1090

Мейірімді ағай!

Аман-есен, дені қарныңыз сау бардыңыз ба? Бізден хал-жай сұрасаңыз, өзіңіз көрген қалыпта қалтақтап жүрміз. Аман жеңгей 9 сентябрьде кетіп еді, аман-есен Құрманғалидікіне барыпты. Елден Әйтекей мен Сұлтамбек келіп еді. Әйтекейден Жәкеңнің үйінің жайын сұрадым. Мал-басы аман, қырда жалғыз үй отыр.

image.png

Қазіргі өз тұрмысым: анадағы аурудан жазыла алмадым. Докторға қаратып едім, біреуі "малерия" деп, біреуі жоқ деп қанымды алып тексеріп жатыр. Әзір белгісіз. "Қ.Білім" балаларының тұрмыстары жаман емес, бірақ тамақ жағынан нашарлау. Биылғы бізге болып жатқан сабақтар: қазақша..., орысша, есеп, алгебра, зоология, физика, геометрия, химия және ботаника. Осы сабақтың бәрі болып, ауырлау болып тұр. Ол ештеңе... емес. Бірақ ауру жүдетіп барады. Егер бұдан жазылып кетсем, тырысып оқыған соң былтырғы сабақтай-ақ болатын. Бірақ ауру болсам оқи алатын емеспін. Бұрын арық едім. Осы күнде көтерем болатын болдым. Қазіргі біздің тұрмыс осылай.

Бұл жақта соны айтайын деген бөтен хабар жоқ. Қажым Қызылордаға доклад бермек болып кетті.

Өзіңіздің хал-жай, тұрмысыңыз жақсы ма? Бізге де хат салыңыз. Бөтен айтар сөз жоқ. Жақсылықпен жолығалық.

Тілектес бауырың Болатқан

Алматы, 1926 ж. 26 қыркүйек

Әсет Ақмолданың әлеуметтік желідегі парақшасынан алынды

Қасым Қайсенов: «Ерлер әйелге деген іңкәрлік, құштарынан айрыла бастады»
Бейімбет Майлин. Қызы Рәзия Майлинаның естелігінен
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу