Райымжан Мәрсеков. Естелігінен

Oinet.kz 13-12-2019 1673

Не нәрсе болса да бізге біреу әкеліп, сатып отырмаса, өз қолымыздан өз керегімізге еш нәрсе жасай алатын емеспіз. Ең аяғы сырттың матасы сияқты нәрсені тоқуды біздің халық білмейді. Осы білмегендік себепті шыттың кезіне 3 сом төлеп, болмаса ақшаға да таба алмай сандалып отыр. Былғарыны алсақ, біздің малдың терісі; Киімнің тыстығын алсақ, біздің малдың жүні. Осының бәрі өзімізге қайта айналғанда қолымызды жеткізбей аспандап отыр. Өзімізде барды өзіміз істеп ала-алмай, білген жұрттың өнеріне қол болып отырмыз.

image.png

Жерімізді қарасақ ұшан-теңіз неше мемлекеттің жерінен көп, бірақ сол жер бізге жетпей тарлық қылып отыр. 40 миллион француздың жері біздің арғын, найман жайлаған жерден көп аз. Соған да сиып отыр. Мұның себебі не? Олар шөл даладан су шығарған, шөпсіз жерге шөп еккен, мұның бәрі ғылым арқасы.

Қай халық болса да қазақтан артық туған жоқ; Артылса, озса, ғылым-білім арқасында асып отыр. Ұмтылатын заман келді. Ерлердің қайраты, жақсылардың білімі, елдің елдігі, ынтымағы саналатын жорық болды. Қазағым, ойлан, толған! Ғылымсыз күн, қараңғы түн.

Әсет Ақмолданың әлеуметтік желідегі парақшасынан алынды

Ғабит Мүсірепов. Әлия мен Мәншүк ерлігі жайлы
Халел Досмұхамедұлы: «Жұлдыздарды күндіз көруге болады»
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу