Ғабит Мүсірепов. Әлия мен Мәншүк ерлігі жайлы

Oinet.kz 13-12-2019 1357

Әлия мергендер мектебіне өз еркімен кіргенде 16-ақ жаста екен. Бұл қатерлі 1942 жыл еді.

image.png

Мәншүктің көп ерлігінің бір түйіні сияқты - Невель қаласындағы соғыс. Батыр қыз өз оғынан 70 жауды өлтіреді. Әлі шегінуді мойындамаған жау қолы Невельден айырылғанда, қайтарып алуға қатты арпалысады. Дем алдырмай, ес жидырмай от төгеді. Жолдастары түгел оққа ұшып, жалғыз өзі арыстанша арпалысқан батыр қыз ондарға арналған міндетті жалғыз орындайды. Өз жарасын өзі байлап, әрі жаумен, әрі аңдып қасында отырған ажалмен алысады. Бір қызға қанша жау жабылса, бір денеде сонша жара, денеде сау жер жоқ. Өз қанына шомылып отырып, Мәншүк жауды жақындатқан жоқ. Жау Мәншүк қорғаған жерге батыр қыздың ақтық демі тынғансын ғана келе алды.

Екінші бір майданда, шабуылдың қарсы алдында қазақтың тағы бір қызы кетіп бара жатыр еді. Ол - тостағандай қара көздері жау жүрегін дәл көздеген 17 жасар Әлия мерген болатын. Өз оғынан 80 немісті өлтірген батыр қыздың ең соңғы күні батырлық қасиетті түгел сынға салғандай, ерекше күн болды.

Әуелі ол қаланы алысты. Үсті-үстіне ұйытқи соққан жау оғын жақындатпады. Одан соң жаудың жатқан шебіне барды. Бергі шебін алып болып арғысымен атыс салды. Ұясы өртенген жау қолы арадай жабылды. Кеудесінен оқ тиген Әлия соңғы күшін жинап алып, өзін атқан неміс офицерін қырқып түсіріп, көзін жұмды.

Екеуінің майдандағы ерлік тағдырлары қатты ұқсас.

30 июль 1946 жыл.

Әсет Ақмолданың әлеуметтік желідегі парақшасынан алынды

Мұхамеджан Қаратаев. Жары Мархуманың естелігінен
Райымжан Мәрсеков. Естелігінен
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу