"Мұрат Нұртілеу ұсталды". Министр бұл ақпаратты жоққа шығарды

Oinet.kz 04-09-2025 40

Screenshot_1.png

Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева әлеуметтік желідегі парақшасы арқылы БАҚ пен телеграм каналдарда жоғары лауазымды шенеуніктердің ұсталғаны туралы ақпараттың жалған екендігін жария етті.

--Кейбір ресми БАҚ пен анонимді телеграм-арналарда мемлекеттік қызметшілердің ұсталуына қатысты расталмаған ақпарат таралуда. Ақпарат таратқанда оның шынайылығын тексеру міндетті. Кінәсіздік презумпциясы қағидасы және журналистік этика бар екенін естен шығармау қажет. Көбіне расталмаған «хайп қуған» деректерге еремін деп, журналистер мұндай мәлімет азаматтарға және олардың жақын туыстарына зиян тигізуі, ар-намысы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтіруі, жала болып шығуы мүмкін екенін есте ұстауы тиіс. Әріптестерді кәсіби БАҚ пен журналистер сақтауға тиіс міндеттемелерді орындауға шақырамын. Сондай-ақ, жалған ақпарат таратқаны үшін әкімшілік әрі қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын еске саламын,--деп жазған министр.

Бұған дейін ақпарат құралдарында Премьер-министрдің орынбасары—Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеудің, бизнесмен Гаджи Гаджиевтің және ҰҚК-нің жоғары лауазымды шенділерінің ұсталғаны туралы ақпарат тараған болатын. Белгілі журналист Г.Бажкенова телеграмдағы каналында Мұрат Нұртілеудің Қытай сапарынан келген бойда үйінде ұсталғанын және оны құқық қорғау органдарындағы дереккөздер растағанын жазған еді.

Қай ақпаратқа сенуге болады?  


 


Е.Жиембайдың қаруына қатысты қылмыстық іс қозғалды
Айдарға кіру
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу