Түркістан облысында 86 отбасы мемлекеттен заңсыз жәрдемақы алған

Oinet.kz 05-09-2025 52

9.jpg

Түркістан облысының прокуратурасы атаулы әлеуметтік көмек тағайындаудағы заңсыз фактілерді анықтады. Бұл туралы аталған органның баспасөз қызметі хабарлады.

   Түркістан облысының прокуратурасымен 86 отбасының атаулы әлеуметтік көмекті заңсыз алып, мемлекетке 17 млн теңге шығын келтіргені анықталды.   Статистикалық деректерге сәйкес, 2025 жылы атаулы әлеуметтік көмек алушылардың саны 91 мың адамды құрап, соңғы үш жылда бұл көрсеткіштің айтарлықтай төмендегені байқалады (2023 ж. – 168 мың адам, 2024 ж. – 97 мың адам).   Алайда талдау нәтижесінде, жоғарыда көрсетілген жекелеген отбасылар өтініш берген кезде бір мекенжайды көрсеткендері белгілі болды.   Одан бөлек 56 өтініш бойынша жалған қорытындылар жасалып, 9,7 млн теңге заңсыз төленген.   Сондай-ақ 22 отбасы өздерінің меншігіндегі мүлікті (автокөлік, жер учаскесі және т.б.) жасырған, ал 13 отбасы табыстарын көрсетпеген.   Аталған заң бұзушылықтар бойынша прокурорлармен әкімдікке заңдылықты бұзушылықтарды жою және 36 млн теңгеден астам қаражатты қайтару туралы ұсыныс енгізілді.   Бүгінгі таңда әкімдік актіні қарау барысында заң бұзушылықтарды жою жөнінде шаралар қабылдауда.


Перизат Қайраттың артында кім тұр? - «Ең танымал» сұраққа жауап
Айдарға кіру
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу