Қаныбековке қандай қызмет бұйырады?

Oinet.kz 03-09-2025 43

_gluster_2025_2_11_98e42968952ec0121faf33a42ec98364_original.60165.jpg

 Байқасаңыз, биыл Ақорда жұмыс жоспарына біраз өзгерістер енгізді. Үкіметтің жартыжылдықты қорытындылаған отырысы биыл Президенттің қатысуынсыз өтті. Мемлекет басшысының халыққа арнайтын Жолдауы әдеттегіше 1 қыркүйекте емес, бір аптаға шегеріліп, 8 қыркүйекке белгіленіп отыр. 

Жолдауға дейін өңірлік әкімдіктерде біраз кадрлық ауыс-түйістер жасалады деген әңгіме бар. Жасалып та жатыр.

Сейсенбіде бұған дейін Мәдениет министрі, «Аманат» партиясының атқарушы хатшысы, соңғы уақытта Президент Әкімшілігінде жүрген Асхат Оралов Маңғыстауға облыс әкімінің бірінші орынбасары болып барды. Бұл көпшілік үшін күтпеген тағайындау болды.

Кешегі күні сондай-ақ, Маңғыстау облысы әкімінің тағы бір орынбасары Асқар Қаныбековтің қызметтен кеткені белгілі болды. Ақпарат құралдарында «басқа жұмысқа ауысуына байланысты» деп жазылған. Алайда Асқар Қаныбековтің қандай қызметке барғаны жөнінде мәлімет жоқ. 

Асқар Қаныбеков Оңтүстіктің тумасы. Әкесі Сәкен Қаныбеков уақтысында Ордабасы ауданының әкімі, Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары, Мәжіліс депутаты болған. Кіші Қаныбеков соңғы жылдары Шымкент қалалық әкімдігінде басқарма басшысы, одан кейін Түркістан облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары лауазымдарын атқарған. Биыл ақпанда ол Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалған.

Қаныбековтің жеті айға жетпей қызмет ауыстыруының астарында не бар? Ол енді қандай қызметке, қай өңірге барады? Шымкентке ме, әлде Түркістанға ма? Қандай қызметке?


Берденовтің отставкасы... Экс-орынбасардың үнсіздігі нені білдіреді?
Айдарға кіру
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу