Нұрболхан биліктің сөзін сөйлейтіндерді Алаш зиялыларын сатқандардың ұрпағына теңеді

Oinet.kz 17-08-2021 1399

Танымал әзілкеш, шоумен Нұрболхан Шарап Instagram парақшасында билікке қарсы пост жариялады. Бұл постында ол биліктегілерді "сатқындар ма?" деп болжам жасады. Сот әрқашан биліктің жағында екенін айтып күйінді деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.

dbb18ad15941179ff59544d8640d9484.jpg

"Күлкiм келедi.

Бiздiң Қазақстанда ғана мәжбүрлi вакцинаға қарсы болса түсiнем. Осы видеодағы билiктiң сөзiн сөйлегендердiң көздерi не көредi? Не iстей аласыңдар? Мақұл бiздi маман емес деп сөгерсiңдер. Бiрақ, мамандар дабыл қағып жатса бiзге не уәж? Қорқытқан түрлерiң ба? 

"Бақара" сүресінің 195-аятында: "Өздеріңді өз қолдарыңмен қауіп-қатерге салмаңдар" деп бұйырған. Осыны басқаша тәпсiрлеп, жеткiзiп жатқан сияқты ма?

Талдайық:

Мысалы, адам есiрткi қолданса, iшiмдiкке салынса, қандай да бiр денсаулыққа зияны келетiн кез келген нәрсенi пайдаланса, демек, аятқа сай өз қолымен зұлымдық жасады денсаулығына.

Ендi, вакцинаға да қатысты шығар бұл аят? Салдырдың, демек, одан ауыратын не өлетiн болсаң демек аятқа қарсы шықтың. Осындай тәпсiр қалай? Бұл - Өз Ойым!

Вакцинаны өз еркiмен салғандарға еш әңгiме жоқ. Бiздегi позиция "МӘЖБҮРЛİ ВАКЦИНАЦИЯ". Соны түсiнiп алыңыздар.

Бiздiң билiктiкi әйтеуiр қарсы шыққанның, өтiрiгiн әшкерелегендердiң кислородын жабу, кешiрiм сұрату, ештеңеге көнбесе жала жаптырып қамату. Сот билiктiң пайдасына ойнайды. Бұл ақиқат.

Сосын, жаңағы билiкке жағынып әлек болғандарды, бұрынғы, Алаштың зиялыларын сатып берген елдегi сатқындар болды ғой, солардың ұрпақтары ма деп қаласың ба кейде?

Аллаһ қаласа осы вирус бiтiп, солардың жүздерiне бетпе-бет қарап тұрып күлгiм келедi, - деп жазды әзілкеш.

Олимпиада жүлдегері Сәкен қарапайымдылығымен елді тәнті етті (видео)
Шымкентте спорттық ойын алаңшаларын салуда отандық өнімдер қолданылады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу