Сафуан Шаймерденов. Ғабит Мүсіреповке жазған хаты
Сафуан Шаймерденовтің Ғабит Мүсіреповке жазған хаты:
Ғабе!
Мен шынымды айтайыншы: Сіздің алдыңызда әдебиет мәселесі түгіл, былайғы дүнияуи шаруалар жайында да мардымтып ештеңе айта алмай жүрмін.
Алдында отырған үлкен адам өзінің батпандаған білімімен, жиырма-отыз жылдық әдеби бай тәжірибесімен басып, тұншықтырып тастардай ма, қалай?! Әрине, жақсы ой, тың пікір болса, қуана қол соғып қуаттайтыныңызды да жақсы білемін. Бірақ әлгі бір ұяңдық, жай ұялушылық емес-ау, қаймығушылық бәрін де жеңіп кете беретін секілді. "Көңілдегі көрікті ойдың ауыздан шыққанда өңі қашады", — деп кемеңгер Абай бекер айтпаған екен ғой, көңілімде — мезгілсіз дүние салған сүйікті қызыңыз Мара туралы Сізге жұбаныш әкелер ме деген құлпырма сөздерім бар еді, соны ауызымнан шығарсам, әлденені сындырып алатындай көріндім.
Сәлеммен, Сафуан.
Қарағанды қаласы.
26 сәуір, 1951 ж.