​Ғабит Мүсіреповтің Раиса Мұхамедияроваға жазған хаты

Oinet.kz 16-01-2021 858

Ғабит пен Раиса.jpg

Амансың ба, менің ең қымбаттым, аяулым, жалғызым, Раечка! Менің осы хатым Жаңа жыл қарсаңында сенің қолыңа тисе деп едім. Өйткені, сенің бар ойың, көңілің, бүкіл назарың менде болсын деген ой. Сенің хатыңды алып, мазасызданып отырмын. Сөздерің қандай ақылды. Сен күн сайын есейіп, ақылың толысып келесің. Саған жеделхат жіберіп, екеуміз Жаңа жылды Мәскеуде қарсы алсақ деп едім, бірақ, сені жұмыстан босатпас деп ойладым. Дәл осы минутта сені құшақтап, аймалағым келіп кетті. Бізді Африкаға жіберуге дайындап, дәрігерлер тексеріп жатыр. Безгек, сүзек, тырысқақ ауруларына қарсы екпе жасады. Басымыздан башпайымызға дейін тексеруде. Дәрігерлердің айтуы бойынша, әзірге жүрек те, іш-құрылыс та жақсы. Мұнда жұмыс көп, ыстық жерге баратын болғандықтан, соған өзімізді әзірлеп, әрі кітапханаға барып сол елдің мәдениетімен, әдебиетімен кеңірек танысып жүрмін. Осы хатты бүгінгі самолетке үлгерейін деп мәжілістің арасындағы үзілісте жаздым. Сау-сәләмет бол, көріскенше, өз Ғабитың.

29.ХІІ.62 жыл

Әсет Ақмолданың Facebook парақшасынан алынды

«Берекелі іс» Мұхамеджан Тазабек (видео)
​Бейімбет Майлиннің Ілияс Жансүгіровке жазған хаты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу