«Берекелі іс» Мұхамеджан Тазабек (видео)
Басымызда боп жатқан көптеген түсініспеушіліктер мен қате шешімдер, адасушылықтар мен арандаулар. Олар ақылдасатын, ақыл қосатын жанашыр, жақынның жоқтығынан боп жатады дейді, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, айтыскер ақын Мұхамеджан Тазабек өз Instagram парақшасында, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.
Кей досыңның тарапынан керек кезінде кемел кеңес айтылса, немесе сабырға шақырып, салқынқанды ой түюге себеп жасаса - қаншама қателіктің алды алынар еді.
Өкінішке орай, ақыл сұрасаң жел беріп, ызаландыратын, іздесең ізін көрсетпейтін танысымыз көп...
Жеке тұлғаның осылай сапасыздануынан қоғам зардап шегуде.
Ұрысқан-керіскен, таласқан-тартысқан, ырың-жырың ел көбейді.
Алла ақырын берсін!, дейді Мұхамеджан Тазабек.