«Ауғандарға күліп, прикол ұстаған едік» - Тазабеков (видео)
Белгілі айтыскер-ақын, "Talim TV" телеарнасының Бас директоры Мұхамеджан Тазабеков Жамбылдағы жағдай ауғандарға прикол ұстап, күлгеннің салдарынан орын алуда деп кесіп айтты. Бұл туралы ол Instagram парақшасында жазды.
- Ешкімге, ештеңеге күлуге болмайды (Өткенде ауғандарға күліп, прикол ұстағандарды айтам). Кімнің алдында не күтіп тұрғанын ешкім білмейді. Алла сынаса, талибансыз да, полигонсыз да балаңды құшақтатып, туған үйіңнен түн жарымда бас сауғалатады. Ұрлық-қарлықтан, қиянат зорлықтан Алла сақтасын! Артын күтейік, аптықпайық, артық сөйлемейік... Құзырлы мекемелер шұғыл қимылдап, қауіпсіздікті қамтамасыз етіп жатыр екен. Алла қиналғандарға, жаралы болғандарға жәрдем етсін! Ел аман, жұрт тыныш болсын! - деп жазды ол.