Қасым Қайсенов. Соғыстағы естелігінен

Oinet.kz 11-12-2019 1220

Соғыс кезінде Сталиннің арнайы бұйрығымен "дінге, дінбасылардың қызметіне тыйым салынбасын" деп олардың беделін көтеріп қойған еді. Соған қарамастан бір жолы барлаушылар хуторларда поптар "Неміс армиясына көмектесіңдер" деп насихат жүргізуде, ертең сондай жиын бір хуторда өтеді" деген хабар жеткізді. 

image.png

Ертеңінде жаныма 20 мықты партизанды алып, сол хуторға келдім. Келсек орталық алаңқайда бүкіл село тұрғындарына үш поп жиын өткізіп жатыр екен. Екі поптың ортасында үлкен бір поп сөйлеп тұр:

— Жерлестер, туғандар! Ұлы Германияның азаттық армиясы жақындап қалды. Олар бір-екі күнде бізге де жетеді. Совет әскерін талқандап, әлі-ақ жеңеді. Сондықтан біз оларды қолдап, азаттық армиясы деп қарсы алуымыз керек. Олар коммунистер айырған дінімізді, бостандығымызды қайтарады. Бәріміз азаттық армиясына қолдан келген көмегімізді көрсетейік... — деп соғып тұр. Біз қаруларымызды қойнымызға тығып жұрттың арасында тұрғанбыз. Шыдамай кеттім:

— Әй, найсап, — деп ақырып ортаға шықтым. — Тоқтат, сандырағыңды. Қайдағы азаттық армиясы? Олар басып алған елді мекендерді талқандап, өртеп, қырып-жойып келе жатқан жоқ па?! Жарамды дегендерді вагондарға тиеп, Германияға қара жұмысқа әкетіп жатыр. Бала-шаға, қарт, әйел демей айуандықпен өлтіріп, қан кешіп келеді... Мен мына ормандағы партизан отрядының командирімін. Мына сұмырайлардың сөзіне сенбеңдер. Біз сендермен біргеміз. Қандай жағдайда да көмекке келеміз. Бүгін осында жиын өтеді деген соң шағын отрядпен келіп тұрмыз. (Жігіттерім менің қасыма қаруларын кезене тұра қалысты). Мына сатқындардың сандырағына сенбеңдер. Басқыншы неміс фашистерін жақтап теріс үгіт-насихат жүргізгендері үшін бұларды өлім жазасына бұйырамын, – деп сол жерде үшеуін де дарға асқыздым. Халық оларға араша болмады. Қайта олардың дінді жамылып, сатқындық жолына түскендеріне зығырдандары қайнап жүрсе керек. Міне, партизан қозғалысында осындай қаталдыққа баруға да тура келген...

Әсет Ақмолданың әлеуметтік желідегі парақшасынан алынды

Қайым Мұхамедханов. Жарына хаты
Ғабит Мүсірепов ғашықтық туралы
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу