Қайым Мұхамедханов. Жарына хаты

Oinet.kz 11-12-2019 1120

Абайтанушы, ғалым, жазушы Қайым Мұхамедхановтың Карлаг абақтасынан әйеліне жазған хаты:

Балалар бір-бірімен жанжалдаспай, бірін-бірі жақсы көріп силап, ақылдасып, көмектесіп тұратын болсын. Өзді-өзі тату-тәтті болсын. Ауыздарына жаман сөз алмасын!

image.png

Тәртіпті, тәрбиелі болсын! Осыны өздеріне оқып ұғындыр. Мені шын жақсы көрсе, аман-есен қайтуға тілекші болумен бірге, осы айтқандарымды бұлжытпай орындасын! Саған көмектесіп, айтқаныңды істеп, силап, тіліңді алып тұрсын. Екі қайтара айтқызбайтын болсын! Осы айтылғандарды орындап жүрсе маған да жеңіл болады. Менің де көңілім көтеріліп жүдемей жүрем.

Тағы да ең қатты айтатын нәрсе — ешкімге де бір ауыз өтірік айтудан, алдаудан аулақ болсын. Не болса да шынын сөйлейтін болсын.

Сүйікті балаларым! Сендердің маған кәзіргі көрсеткен көмектерің осы болады. Сендерге менің борышым өте көп. Бірақ амал жоқ.

Аман-сау көріселік! Өмірде бәрі де кездеседі. Шыдау керек. Жабырқап, жасымау керек. Адал жандармыз ғой ақыры қайырлы болсын.

Беттеріңнен сүйдім! Қайым.

16.ІІ.1953 ж. Теміртау.

Әсет Ақмолданың әлеуметтік желідегі парақшасынан алынды

Бейімбет Майлиннің Ілияс Жансүгіровке жазған хаты
Қасым Қайсенов. Соғыстағы естелігінен
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу