Ғабит Мүсірепов ғашықтық туралы

Oinet.kz 11-12-2019 1577

Ғабит Мүсіреповтің естелігінен:

image.png

Қою қара шашын арқасына жайыңқырап жіберген. Мөлдір қара көзді, ақ-сұрлаудан гөрі аққұ­балау қыз екен. Жиналысқа кіріп келген бетінде көзім түсті де, кірпігіне кірпігім ілініп қалғандай, көзімді басқа жаққа аудара алмай қойдым. Жүрегім кеудеме сыймай, тулай берді. Бұған дейін таныс­паған адамдар бір қарастықта табысып қалғандай болдық. Мен одан көзімді аударғаным жоқ. Туралап қадалмағаны­мен, қыздың көзі де ылғи мені жанай өтіп отырды. Мен солай ұғындым. Әрі-беріден соң қыздың адал көздері қаймықпай қара­ды. Бұл қыз қалжақтың адамы емес. Көзде­рінен барлық жан-жүрегінің қалай соғып тұрғаны байқалады. Шын-ақ еліктің бала­сындай сергек те сезімтал бір ерке жан екен. Аққұба жүзі жұмыртқадай ғана сопа­ғырақ, көзінің ақ-қарасы айқын да ашық, езу тартқаны естен тандырғандай екен. Батыс-Шығыс әдебиетінде мақтаулы сұлу қара көз, қиғаш қас болып келуші еді, бұл қиғаш көз, қара қас екен. Әрі мөлдір қара көздерінің қарашығы да айырылмайтындай қара екен.

Мен ол жиналыста сөйле­меймін деген едім, тек қана сол қыз үшін сөйледім…

Әсет Ақмолданың әлеуметтік желідегі парақшасынан алынды

Қасым Қайсенов. Соғыстағы естелігінен
Әшірбек Сығай. Әнуар Боранбаев туралы естелігінен
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу