Көр қазушыларды таң қалдырған Әбжалап әулие...

Oinet.kz 13-01-2022 7021

Әбжалап әулие қайтыс болардың алдында Мәшекеңді арнайы іздеп барады, себебі дәм-тұзы таусыларын білген. Сол үйде шымылдықтың ар жағында жатып сондай масаттанып күледі.

Screenshot_6.jpg

– Әй, Әбжалап, неге күліп жатырсың? – дегенде, Мәшекеңе:

– Намазымды сен шығаратын болдың, мен соған қуанып жатырмын, - депті. 

Әулие қайтқанда денесін кілемге орап, ат-арбаға салып: «Осы арба қай жерге тоқтайды, сол жерді қазыңдар», - дейді Мәшекең. Қыстың қақаған аязында жер лезде қазылар деп кім ойлаған, топырақ құм сияқты сусылдап, қабір қазушылар еш қиындық көрмейді.

Көмуге ыңғайланып кілемді ашса, мәйіт жоқ, құр кебін жатыр дейді. Тұрғандар ештеңе түсінбей, Мәшекеңе қарайды. Сонда Мәшекең: «Әбжалаптың мүрдесі қабірде жатпас, Мәшһүрдің мүрдесі қырық жыл бүлінбес, сол кебіннің өзін көміңдер», - депті. Әбжалапты қатты құрметтеген Мәшһүр Жүсіп «Әулиенің әулиесі – Әбжалап», - дейді екен.

Жанаргүл Қадырова

Көңілімді қалдырған адамдар көп өтпей қайтыс болады
Өзінің қашан және қалай қайтыс болатынын алдын-ала білген таксист
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу