Өзінің қашан және қалай қайтыс болатынын алдын-ала білген таксист

Oinet.kz 12-11-2022 4976

Өзім таксистпін. Өмірде біз түсіндіре алмайтын тылсым күштің бары анық. Мен өзім оған сенемін. Бұл таңғажайып оқиғаны басымнан өткерген уақытта онша мән бермеген екенмін. Қазір де есіме түссе таң қалысымды жасыра алмаймын.

Screenshot_5.jpg

Алтынбек деген досым бар еді, қазір марқұм болып кетті. Алтынбек, бәріміз бас қосып отқанда, ол әрдайым «Жігіттер менің өлімім көлік апатынан болады, мен оны әрдайым өң мен түстің арасында жатып көрем» деп айтатын. Біз оған ішіп алып қайдағыны айтасың деп әзілге бұрып жіберетінбіз. Бір күні ол мені жеке шақырып алды да « Архат, бүгін мен өзімді тағы көрдім, анық көрдім. Ақ жайманың үстінде жатыр екенмін, қан-жоса болып, түрімді адам танымайды. Шошып оянғандай болып едім, денеме келіп әлдене кірген сияқты болды. Досым, расымен сезіп жүрмін, маған бірдене болады» деді. 

Оның түрінен қобалжып тұрғанын байқап, не дерімді білмей «Түс түлкінің тезегі ғой, жақсылыққа жоры» дей беріппін. Сол айтқан сөздерінен кейін бір апта өтпей-ақ суыт хабар жетті. Ауылға кетіп бара жатқан Алтынбектің көлігі, жүк көлігіне соғылып қаза болыпты. Оның денесін көрген кезімде, дәл өзі айтқандай адам танығысыз екен. Сонда тылсым күш болмаса Алтынбекке өз өлімінін ескертіп жүрген не болды?

Көр қазушыларды таң қалдырған Әбжалап әулие...
Үш жасар көріпкел
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу