Балалар ойыны (Доп ойыны)
Пятнашкалар (Доп ойынының бір турі)
Балалар алаңның (оның шекаралары жалаушалармен белгіленген) әр жерінде тұрады.
Тәрбиеші тағайындаған немесе балалар таңдап алған пятнашка түрлі байлағыштарды (лентаны) алып, алаңның ортасында тұрады.
Тәрбиешінің: «Ұста!» деген белгісінен кейін барлық бала алаңмен жан-жаққа жүгіреді, ал басқарушы ойнаушылардың ішінен қайсысын болса да қуып жетіп, оған қолын тигізуге тырысады. Басқарушы қолын тигізген бала бір жаққа шығып тұрады.
Пятнашка 3-4 ойыншыны ұстанғанда ғана ойын аяқталады. Ойынды қайталаған кезде жаңа пятнашка таңдалып алынады. Егер пятнашка 30-40 секунд ішінде ойнаушылардан ешкімді ұстай алмаса, онда тәрбиеші басқа , басқарушыны тағайындайды.
Аққу-қаздар
Ойнаушылардың ішінен қасқыр мен бақташы таңдалып алынады. Балалардың қалғаны қаз болады. Алаңның бір жағы бойына сызық сызылады, оның сыртында қаздар жүреді. Ол олардың жататын орны. Алаңның шетінен орын сызып белгіленеді, ол — қасқырдың үңгірі. Бақташы қаздарды жайылуға шалғынға айдап шығады. Қаздар шалғында жүреді, ұшады. Содан кейін бақташы былай дейді: — Қаздар, қаздар! Қаздар тоқтайды да жауап береді: — Га, га, га Бақташы — Қаздар, қаздар, қаңқылдап, Барасыңдар қай жаққа? Қаздар: Айна көлі жалтылдап, Жатқан жасыл аймаққа. Бақташы: Біздің жерге түсе кет, Түсіп суын іше кет. Қаздар: Сіздің жерге түсеміз, Түсіп суын ішеміз. Бақташы: — Болсын онда жол жайлы! Қаздар: — Бізге ол жаққа болмайды, Жолды тосып сұр қасқыр, Тау бөктерлеп жүр қасқыр! Бақташы: — Олай болса қалаған, Жақтарыңа бар аман! Қаздар қанаттарын қағып, (қолдарын жан-жағына сермеп, көк шалғын үстімен үйлеріне қарай ұшады, ал қасқыр қаздардың даусын естіп, жүгіріп шығады да, олардың жолын кескестейді, оларды ұстап алуға (қолын тигізуге) тырысады, ұстаған қаздарды қасқыр үңгірге алып кетеді. Үш-төрт жүгірістен кейін (келісім бойынша) ұстаған қаздардың санын есептеп шығарады. Содан кейін жаңадан қасқыр мен бақташы таңдалып алынады да ойын қайталай береді.
Ескерту.
Тәрбиеші ойынды бірнеше рет жүргізген кезде, ол балаларға қаздар көк шалғында жайылып жүреді, шөп жейді, сол кезде олар еңкейеді, мойындарын созады, ал ұшқан кезде қанаттарын қағады (қолдарын жан-жағына сермейді) деп түсіндіреді.