Черчилльдің «ішкі дауысы»
11-01-2024
Мысық пен тышқан
Ойнаушылар дөңгелене тұрады.
Мысық пен тышқанды тағайындап алады.
Балалардың қалғаны бір-бірінің қолын ұстап,
шеңбер жасай жүріп сөздерді айтады.
Васька әппақ қарасақ,
Құйрығы сұр тамаша-ақ,
Жебедей-ақ ұшады,
Көзін жаймен қысады.
Тырнақтарын үндемей,
Ашқан кезде инедей,
Тышқандардың тықырын,
Васька естісе ақырын,
Аңдып аулап алады,
Васька біздің жарады.
«Аңдып, аулап алады» деген сөздерден кейін балалар тоқтайды, шеңбердің уәделескен жерінде екі бала қолын түсіріп, есіктен өтетін жер қалдырады,
Тышқан мысықтан қашып, есікке қарай жүгіреді де, шеңбер жасап тұрғандардың қолының астынан өтуі мүмкін.
Мысық тышқанды ұстап алатын кезде, бұл рөлге басқа балалар тағайындалады, сөйтіп ойын осылайша қайталана береді. Егер мысық тышқанды көпке дейін ұстай алмаса, онда тәрбиеші қосымша есік жасатады. Ойын варианты: Балалар шеңбер жасап тұрған кезде мысық шеңбер ортасында, ал тышқан шеңбердің сыртында жүруі мүмкін.
Екінші шумақты айтқан кезде мысық тақырыпқа сай қимыл жасайды, көзін жұмады, тырнағын және т.б. түзетеді.