Ашаршылыққа қатысты беймәлім деректер
21-05-2024
Білім беру салалары: Қатынас, Шығармашылық
Кіші салалар: Тіл дамыту, Жапсыру Тақырыбы: Бізге көктем келді
Мақсаты: Тәрбиешінің сұрақтарына байланысты жауаптар қайтаруға (қар ериді, күн жылынды, құстар ұшып келеді), сөздерге анықтама таңдауға (күн ашық, гүлдер әдемі) үйрету. (к) дыбысының дұрыс айтылуын бекіту.
Ұқыптылыққа үйрету, шығармашылыққа баулу. Көрнекіліктер мен жабдықтар: Көктем мезгіліне байланысты суреттер, геометриялық пішіндер, гүл күлтелері, желім т.б.
Түрі:Саяхат .
Әдіс – тәсілдер: Жұмбақ шешу, сурет бойынша әңгіме құрау, сұрақ – жауап, ойын т.б. Әрекет кезеңдеріТәрбиешінің әрекетіБалалардың әрекеті ҰйымдастырушылықПсихологиялық сәт. Тілек шеңбері.Балалар тілек шеңберіне тұрады. Бір – біріне жүрекше ұсынып, ізгі тілектерін жолдайды. Ізденушілік— Балалар, біздің тобымызғасаяхатшы Дара келіп тұр. Үстел үстіне қуыршақ Дараны қояды. (Тәрбиеші қуыршақты балалармен амандастырады).- Ол біздерді өзімен біргесаяхатқа шығуға шақырады. Қалай қарайсыңдар, барамыз ба?- Саяхатқа қандай көлікпеншығамыз.- Ендеше автобусқа билет алып, әр кім өз орындарымызға отырайық.
І бекет. «Жұмбақ» бекеті. Бұл бекетке жету үшін Дара бізге мынандай жұмбақ әкеліпті. Соны шешіп көрейік. Қуыршақ сөмкесіндегі жұмбақты алып оқу. Жұмбақ: Су ағып сай – саладан, Тасып өзен толады. Құстар кеп ән салады, Бұл қай кезде болады? Көктем мезгілі туралы әңгімелеу. Көктемдегі табиғат құбылыстарына байланысты жұмбақ айту.
1.Аспандағы көлеңке, Жерге сусын себеді.
2.Таңмен көзін ашады, Әлемге нұрын шашады.
3.Тырс – тырс тамады, Сайға қарай ағады. Т.б. Балалар, «Жұмбақ» бекетінің тапсырмаларын орындадық. Дара достарың сендерге риза болды. Орнымызға отырып, сапарымызды одан әрі жалғастырайық.
ІІ бекет. «Бейнелер сыры». Бекет тапсырмасы: Дидактикалық ойын: «Қайсысы қайда тұрады?» Шарты: Суреттегі бейнелерге қажетті бөліктерін дұрыс орналастыру.Мыс: ағашқа жапырақтар, аспанға бұлттар мен күн, құстар.Өзенге көпір мен су т.б. Сурет бойынша әңгіме құрау. ІІІ бекет. «Мерекелер» бекеті. Балалар, біздер келесі бекетке де келіп қалдық.Бұл жер гүлдер мен шарлармен безендірілген екен. Мереке күні сияқты.Неліктен солай ененін түсіндіру. Көктем айындағы мерекелер туралы әңгімелеу,сұрау. Аналар мерекесі, Наурыз мерекесі туралы айту, мәнін түсіну. Сергіту сәті:
«Көктем» вальсі.
Тіл ұстарту жаттығулары:
1.Тем – тем – тем, Келді көктем. 2.Шек – шек, — шек, Шығады Бәйшешек т.б. ІҮ бекет. «Гүлдер» бекеті. Бекет тапсырмасы: Аналар мерекесіне арнап әркім өз анасына гүл бейнесінен ашық хаттар дайындауы керек. Қажет еткендерге көмек, ақыл – кеңестер беру. Балалар қуыршақ Дарамен амандасады.Қуана келіседі
Барамыз, барамыз.Балалар өз ойларын айтады. Поезд, автобус т.б. Кассадан билет алады.Билетте көрсетілген пішінге сәйкес орындықтарға жайғасады.
Тыңдайды.Жұмбақты шешуге әрекеттенеді.Қажет болса тәрбиеші тарапыннан көмек беріледі. Жауабы: Көктем. Тыңдайды. Жауап береді. Жұмбақты шешеді.
Шешуі: Бұлт пен жаңбыр.
Шешуі: Күн.
Шешуі:Жаңбыр.
Орындарына отырады.
Суретпен танысып, қажетті бөліктерін керекті жеріне орналастырады.
Сурет бойынша әңгімелейді.
Балалардың бойында мерекелік көңіл күй пайда болады.
Қуанышты көңіл- күйге бөленеді.
Тыңдайды.Берілген сұрақтарға жауап береді.
Сыйластық, достық, ізет, құрмет көрсету туралы ойларын білдіреді. Музыка ырғағымен би қимылдарын орындау. Балалар тәрбиешімен бірге қайталайды.
Балалар жұмысқа кіріседі. Ақ қағаз бетіне жапырақтардан гүл құрастырып, жапсырады. ҚорытушыБіткен жұмыстарды талдау, мадақтау. Ашық хаттарды аналарына сыйлау, мейірімділік лебіздерін білдіру туралы әңгімелеу.
Сұрақ – жауап арқылы көктем мезгілінің ерекшеліктері туралы білімдерін бекіту.
Әркім өз жұмысына қанағаттанғандық сезімде болады.
Жаңғыртуы:.Жыл мезгілдері, олардың атаулары туралы біледі.
Түсінуі:Жылдың басқа мезгілдерімен салыстырғанда көктем мезгілінің ерекшеліктерін ажырата білді.
Үйренуі:Сурет бойынша әңгіме құрап айтуды, әңгіме барысында сөздерге анықтама таңдауды үйренді.Дыбыстарды дұрыс айтуды үйренді.