Бала саусағын ойната отырып тілін дамытайық (ашық сабақ)
Саусақ ойыны арқылы баланың сөйлеуге деген талпынысы, қабілеті дамып, ынтасы артады. Сөйлеу тілі мүшелері әрекетінің қозғауларының дамуы қол саусақтарының нәзік қимылдарының дамуымен тығыз байланыста болғандықтан,бала қолының ептілігін толық жетілдіру, түзету- тәрбие жұмысын жүйелі жүргізуді қалайды.
Саусақ ойынын балабақшада және үй жағдайында әсерлі, көнілді түрде ұйымдастыруға болды. Піл досым Шынжыр. Оң және сол қолдағы басбармақпен баланүйрек саусақтары түйісіп, жүзіктер секілді айқасып, шынжыр жасайды. Піл. Оң қол алақаны жайылып тұрады. Сол қол саусақтары бас бармақ пен кішкене бөбек артқы аяғы болса, баланүйрек саусақ пен шылдыршүмек саусақ алдыңғы аяқтар,ал ортаңғы саусақ пілдің тұмсығы. Доп. Алақандар бір-бірімен жабысады (доп пішінін жасайды) Гүл.
Қолдар, саусақтар жоғары қарайды. Алақандар айшанақпен қосыла түптері өзара жанасады, Саусақтар ашылады Осы жаттығуларды орындай отырып, мына өлең жолдарын айтады: Саусақтар шынжыр болады, Үзілмейді тартсаңда. Ал, піл келіп шынжырды, Үзіп кетті басқанда. Тұмсығымен доп іздеп, Ойнағысы келіп тұр. Достық үшін пілге мен, Гүл сыйлағым келіп тұр. Санамақ Балаға қарама-қарсы отырып,тәрбиеші көрсетіп отырады, қолдарды құлыпқа ұқсатып түйеді.
Саусақтарын кезек-кезек создыра көрсетіп, «Кел,санайық санамақ, саусақтарға қарап ап. Басбармақ, Балан үйрек, Ортан терек, Шылдыр шүмек, Кішкене бөбек.» Бала қозғалыстарды қайталайды.
Саусақтар жүреді.
Екі саусақпен 5-ке дейін тура және кері санап, алға-артқа жүреді
Құстар қанат қағады
Құстар ұшып барады,
Көкте қанат қағады.
Барлық құстар қосылып,
Шиқ-шиқ-деп, ән салады.
Мысық Пеш түбінде мысық отыр,
(Басбармақ, ортантерек, шылдыршүмек үшеуі жұмылады. Ортантерек)
Екі көзін қысып отыр.
(Ортантерек пен кішкене бөбек көздері боп саусақтарды қимылдатады)
Тышқан етін жегісі кеп,
(Басбармақ, ортантерек, шылдыршүмек үшеуі бір-бірін қашай қозғалтады )
Тісі оның қышып отыр.
Добым-добым домалақ
Добым-добым домалақ,
Тоқтамайсың домалап.
Үстел үстін бүлдірдің,
(Саусақтарды ұштастыра отырып, доп кейпін жасау.
Өлең Тарелкені сындырдың.
мазмұнына қарай қимылдар жасау)
Тентек болып кеттің, деп,
Тұрмын сені тепкім кеп.
Мысық пен тышқан
Тышқан қашты мысықтан
Еденде саусақтармен қашады.
Қатты –қатты жүгірді.
Жылдам жүгіреді
Орын тапты қуыстан,
Екі қолының саусақтарын айқастыра жұдырықтайды
Зәресін мысық ұшырды.
Қарады мысық тесіктен,
Көздерімен жан-жаққа қарайды
Тышқанға бері шық,-деді.
Қабағын түйеді Еденді ұрды «Тук-тук» деп,
Айқасқан жұдырығымен еденді ұрады
Тырналады, кетпеді.
Еденді тырналайды
Былай-былай тартады.
Айқасқан жұдырығын
екі жаққа тартады.
Бұза алмады қамалды.
Амалы құрып мысықтың,
Үйіне қарай қайтады.
Қуанып тышқан есікті,
Айқасқан жұдырығына қарап үрлейді
Жәй ғана кеп үрледі.
«Алақай, есік ашылды»,-деп,
Қолдарын айқара ашады
Ініне қашып үлгерді.
Еденде қайта жүреді