Ашаршылыққа қатысты беймәлім деректер
21-05-2024
Қоршаған ортамен таныстыру.
Балалармен тасбақаны бақылау.
Мақсаты: Тасбақа туралы түсінік беру.
Тасбақаны бақылап, таныстыру, алдын ала жұмыс жасау.
Балаларға тасбақаны көрсете отырып, тасбақаның дене құрылысымен таныстыру. Немен қоректенетінің әңгімелеу. Сөздерді дұрыс айтуға үйрету. Табиғатқа деген сүйіспеншіліктерін арттыру. Табиғатты қорғауға, қамқорлыққа тәрбиелеу. Алдын ала өткізілген жұмыс: Сабақта балалармен тасбақаның суретін құрастыру. Ойыншығын қарап сипаттамасын жасау. Тасбақа қайда тұратынын, не жейтінін балаларға түсіндіру. Сабақтың барысы: Балаларды дөңгелетіп ортаға отырғызамын. Арайлап таң атты, Алтын сәуле таратты.
Жарқырайды қаламыз, Жайнай түсті даламыз, Қайырлы таң, балалар! — Бүгінгі сабақта біз табиғат бұрышындағы мекендеушілердің бірімен таныс боламыз.
Балаларға жұмбақ жасыру:
Аяғы бар, басы бар
Арқалаған тасы бар. (тасбақа)
Балалардың жауабын тыңдаймын — Дұрыс: «Тасбақа»
Балалардың алдына тасбақаны әкеліп қоямын. Балалар, 1 – 2 минут тасбақаны бақылаймыз:
— Бұл не? Тасбақа. — Тасбақаның қандай дене мүшелері бар? Басы, ауызы, көзі, денесі, аяқтары. Балалардың жуабын тыңдаймын. Тәрбиеші тасбақаны қолына алып әр балаға көрсетеді. Балалардың назарын тасбақаның сүйекті сауыты болатының ескертіп, басы, аяғы, құйрығы бар екеніне назар аударады. Тәрбиеші сұрақ қоя отырып, балалармен әңгімені жалғастырады. Балалар тасбақаны қолымен сипап ұстап, сипаттап береді. Балалардың жауабы: Қатты, жуан сүйекті сауатының арасында басы, аяғы көрінеді. Балаларға тәрбиеші тасбақа туралы мәлімет береді.
— Тасбақа қауіпті жағдайда басы мен аяқтарын жинап сүйекті сауытына тығылады. Тасбақа шөптің арасында далада өмір сүреді. Шөппен қоректенеді. Қыста ол тамақ жемейді. Ол ұйықтайды. Тасбақа екі түрлі болады. Жерде және суда өмір сүретін болады. Тасбақаны топта ұстауға болады.
Сергіту сәті: Алақанды ұрайық, Оңға қарай бұрылып, Солға қарай бұрылып, Бір отырып, бір тұрып, Бой сергітіп алайық. (2 рет) Балалар сендер білесіндерме тасбақа немен қоректенеді? Қырыққабат, сәбіз, алманы жақсы көреді. Сабақтың қорытындысы:
— Балалар бүгін біз не істедік?
— Тасбақаны бақыладық. — Тасбақа қандай? Дене мүшелерін атап кетейікші.Тасбақада не бар? — Басы, көзі, ауызы, аяқтары, құйрығы. Балалар біздің табиғат бұрышында тасбақа мекендеушіледің біреуі болсын, онымен достасайық. Дидактикалық ойын: «Тасбақаны құрастыру». Балаларға ойын шартын түсіндіру. Сабақты ойыннан кейін аяқтау. Балаларды мадақтау.