Туған жерімді сүйемін (ашық сабақ)
(Мектепке даярлық тобына арналған «Өзін-өзі тану»сабағын бейнелеу, ән сабақтарымен ықпалдастыру)
Мақсаты: -Бөбектердің туған жер, отан туралы алғашқы түсініктерін қалыптастыру
-Адам өміріндегі ең қымбат құндылықты қастерлеуге, құрметтеуге баулу арқылы атамекеніне деген балаң сезімнің үлкен махаббатқа ұласуына жол ашу -Туған жердің табиғатын бейнелеу арқылы табиғат байлықтары туралы түсінікті саналарына сіңіру Пәнаралық байланыс: бейнелеу өнері, ән сабағы. Көрнекілігі: Туған жер туралы әндержазылған үнтаспа, Қазақстанның табиғаты, әсем ғимараттары бейнеленген суреттер, шарлар, гүлдер.
Сабақтың барысы: Шаттық шеңбері: Балалар топқа «Атамекен» әнінің әуенімен еніп, ортаға шеңбер жасап тұрады. Бәрі бірге: Балбұл жанған гүл шағында Біз отанның ұланымыз. Бақытты елдің құшағында Білім алу-ұранымыз! Біз өнерге, ұлы өмірге, Гүл өмірге иеміз, Көгімізді, көлімізді, Елімізді сүйеміз!
Тәрбиеші:
Балалар, тамаша жырларыңа мың алғыс. Ал қанекей, оқу іс-әрекетімізді бастамас бұрын екі топқа бөлініп алайық. (Балаларды екі топқа бөледі) енді әр топқа арналған орындықтарға жайғасайық. Балалар орындарына жайғасады. Тәрбиеші:Достар, мен сендерге сұрақтар қояйын. Соған жауап тапсаңдар, бүгінгі оқу іс-әрекетіміздің тақырыбын да тапқан боласыңдар. Келістік пе? Балалар: Иә!
Тәрбиеші:Жарайсыңдар!
Сұрақтарды қойып отырып, «Кім шапшаң?» деген ойын ойнаймыз.
Қай топ бірінші болып жауап берсе сол топ өзіне ұпай жинайды.
Топтарға арналған сұрақтар: Біздің ең жақын адамымыз кім? Біз балабақшадан қайтқан кезде қайда барамыз? Біздің қаламыз қалай аталады? Ал, біздің президентіміздің аты кім?
Біздің туымыздың түсі қандай? Біз қай мемлекетте тұрамыз? Тәрбиеші:Жарайсыңдар, балалар! Біздің мемлекетіміздің аты –Қазақстан. Қазақстан бәріміздің туған жеріміз. Бұл елде біз тудық, өсіп жатырмыз, мектепке де барамыз. Сондықтан бүгінгі оқу іс-әрекетіміздің тақырыбы «Туған жерімді сүйемін» деп аталады. Біз туған жерімізді сүюге міндеттіміз. Тәрбиеші сұраққа жақсы жауап берген балалардың қолына елімізде өсетін гүлдер бейнеленген қималарды ұсынады. Ойын. «Мен суретші боламын» Тәрбиеші тақтаға екі топқа арналған магниттітақта әзірлейді.
Үстелдің үстінде таудың, күннің, әсем гүлдердің,ттеректің, Алматыдағы әсем ғимараттардың, өзен мен көлдің қолдан салынған суреттері жатады. Балаларды шатастыру үшін Астанадағы Бәйтерек сияқты әдемі ғимараттардың суретін де қосып қойса болады.) Тәрбиеші: Балалар біз қазір ойын ойнаймыз. Бұл ойын барысында сендер әсем қаламыз Алматының табиғатын, әдемі ғимараттарын дәл тауып тақтаға магниттермен жапсыруға тиіссіңдер. Қаланы қаншалықты жақсы білетіндерің мен суретшілік қабілеттеріңді таныту үшін бар күштеріңді салыңдар. Қане, ендеше бастайық.
Балалар суреттерді алып өз білгендері бойынша тақтаға жапсыра бастайды. Бұл кезде «Атамекен» әнінің әуені ойнап тұрады.Тәрбиеші ойынға белсене қатысқан балалардың қолына елімізде өсетін гүлдер бейнеленген қималарды ұсынады.
Тәрбиеші:Жарайсыңдар! Міне сендер өз қалаларыңды қатты жақсы көретіндеріңді, жақсы таныс екендеріңді таныттыңдар. Осы арқылы сендердің туған қалаларыңа деген ыстық махаббаттарыңды түсінуге болады. Және суретті де өте тамаша салады екенсіңдер! Балалар орындарына қайта жайғасады. Дәйексөз: «Туған жер –алтын бесік» Тәрбиеші тақтадағы дәйексөз жазылғантплакатқа балалардың назарын аударады.
Тәрбиеші: Балалар, сендер білесіңдер ме? Біз кішкене баланы бесікке бөлейміз. Осы отырған бәрің де бесікте тербеліп өстіңдер. Енді міне, үлкен болып өстіңдер. Бірақ, бәрібір «туған жер» деп аталатын алып бесікке тербеліп жүрсіңдер.
Туған жердің табиғатына тамсанып, таза ауасымен демалып, мөлдір суын ішіп жүргендерің соны білдіреді. Туған жер бізге өзінің алтын қазынасы – сұлу табиғатын ұсынып отыр. Сондықтан да біз туған жерімізді, сүйікті отанымызды әрқашан алтын бесікке теңейміз. Жақсы көреміз, құрметтейміз. Басқа жаққа кетсек, сағынамыз. Үй тапсырмасы:
Тәрбиеші балаларға ата-аналарымен бірге туған жер туралы өлең жаттап келуді тапсырады. Жүректен –жүрекке Тәрбиеші: Балалар, біз туған жер, атамекен туралы қандай жақсы ән білеміз? Балалардың жауабы таңдалады.