Жылқы иісі...
04-11-2023
Білім беру саласы: Қатынас
Кіші сала:Қоршаған ортамен таныстыру
Тақырыбы: Үй жануарлары мен оның төлдері
Мақсаты:Сөйлеу барысында үй жануарлары мен олардың төлдерінің атауларын білдіретін зат есімдердің жекеше және көпше түрлерін қолдана білулерін дамыту.
Балаларға сөйлеу барысында зат есімдердің (үй жануарларының) топтарға қалай жіктелуін ұғындыруды жалғастыру.
Көрнекілігі: Үй жануарлары мен олардың төлдерінің суреттері. Олардан алынатын өнім түрлері т.б.
Әдіс – тәсілдер: Көрсету, сұрақ – жауап, ойын, сәйкестендіру, сөздік жұмысы, Бес жол өлең т.б.
Жүрісі: Тәрбиеші балаларды шаттық шеңберіне тұрғызады. Балалар шаттық шеңберіне тұрып, бір – біріне жақсы тілектерін арнайды. Осы кезде топқа керуен келіп кіреді. Керуен басы жылқыға мінген, жетегінде түйелері бар. Керуен басы тәрбиешімен, балалармен амандасады.
Тәрбиеші керуен туралы түсінік береді. Біздер қазір бір жерден екінші жерге бару үшін әр түрлі көліктерді: ұшақ, кеме, автомобиль түрлерін пайдаланамыз. Ертеде техника жоқ кезде ата – бабаларымыз көлік ретінде түйе, жылқы, өгізді пайдаланған.Ел қыстаудан жайлауғакөшкенде, базарға барып зат әкелгенде жылқы және түйелерден құралған керуендермен жүрген.Түйелердің күші көп болғандықтан оларға ауыр жүк тиеуге болады.Түйе шөлге де төзімді келеді.Ал жылқы малы жүйрік келеді т.б мәліметтерді айту.Сұрақ – жауап арқылы жылқы мен түйе туралы, олардың төлдері , олардан алынатын өнімдер туралы әңгімелеу. Картамен жұмыс: Түйе мен жылқының әрқайсысының тұсына төлдері мен олардан алынатын өнімдердің суретін тауып ілу.
Керуен басы: — Балалар, мен туралы мағлұмат алдыңдар деп ойлаймын.Мен көшті ілгері (алға) жүргізу үшін сендерге тапсырмалар мен сұрақтар әкелдім.Сол тапсырмаларды орындап маған көмектесулеріңді сұраймын. Балалар келіседі. №1 Түйенің қоржынындағы тапсырма. Сурет құрастыру. Жауабы: Сиыр. — Балалар, ненің суреті шықты. Ол туралы не білеміз.Айтайықшы. Жангүл: Сиыр пірі – Зеңгібаба, Сиырға сүтті жетпес баға. Сиыр барда өсіп – өнер, Аққа тойып бала – шаға. Сөздік жұмысы: Зеңгібаба – Сиыр малының пірі (атасы). Ақ – сүт, айран, қаймақ.
Саят: Әукім, әукім, әукешім, Қасиыншы әукесін. Сүйсінсін маған сүйеніп Қасы деп тағы әукесін. Сиырдан алынатын өнімдер: сүт, қаймақ, ірімшік, май, айран, ет т.б. туралы айтып түсіндіру. Картамен жұмыс: Сиыр суретінің тұсына төлі мен одан алынатын өнімдердің суретін тауып ілу. Ерасыл:Балдан тәтті қаймақ, Жегенім жоқ айлап. Жүрген шығар сақтап, Апам мені ойлап. Несібелі: Май алады сүттен, Құрт алады сүттен. Сүт алады молырақ Малын баптап күткен. №2 Түйенің тапсырмасы: Жұмбақ шешу. Жұмбақ: 1.Терісі тон, Жүні шапан. Отарымен Баққан атам. Мінезімен Көпке жаққан.
Шешуі: Қой. Жұмбақ: 2. Бойы қойдай баяғы Оның да төртеу аяғы. Қос шырағы тағы бар Маңдайда екі таяғы. Шешуі:Ешкі. Тәрбиеші қой мен ешкі малдары туралы балаларға түсінік береді және балалардан ол туралы не білетіндерін сұрайды.
Асылжан: Қошақаны қойдың Қайда қалып қойдың? Бұлтиып тұр бүйірің Қай өрістен тойдың?! Диана: Мынау тұрған лақ, Салпаңдаған құлақ. Су ішетін жері Сылдыраған бұлақ. Керуен басы балалардың жауаптарына риза болып, енді керуеннің алға жүруге болатын айтады. Келесі түйе қоржынындағы сыйлықтарды (құрт, ірімшік т.б.) алып, жауаптары көңілінен шыққан балаларға тарту етеді. Қоштасып шығып кетеді. Картамен жұмыс: Қой мен ешкінің суреті тұрған қатарға олардың төлдері мен өнімдерінің суретін ілу. Дидактикалық ойын: «Не қалай дыбыстайды?»
Шарты: Тәрбиеші түліктің атауын айтқанда балалар сол түліктің қалай дыбыстайтынын тауып айтулары және дыбыстаулары керек. Мысалы: Түйе – боздайды т.б. Сергіту.Қаражорға биі. Балалар орындарынан тұрып, музыка ырғағымен би қимылдарын орындайды. Дидактикалық ойын: «Адаспай тап».Сәйкестендіру тесті. Шарты: Сурет бойынша төлдерді өз енелеріне сызықпен қосу, сәйкестендіру. Қорытынды: Бес жол өлең. 1.Атауы (Зат есім): Үй жануарлары 2.Қайтеді?(Етістік): Төлдейді, көбейеді, дыбыстайды 3.Қандай? (Сын есім): Түсі, пішіні т.б.
4.Ойды білдіреді:Мал – баққандікі, отын шапқандікі
5.Синоним сөз:Мал. Карта және суреттер бойыншаіс – әрекетті қорытындылау. Қазақ халқы төрт түлік малды көлік ретінде мінді, тамақ есебінде етін, сүтін азық қылды. Жүні мен терісінен киім – кешек тігіп киді.Тұрмыстық бұйымдар жасап пайдаланғандығын айту арқылы бекіту. Іс – әрекетке белсене қатысқан балаларды мадақтау. Күтілетін нәтиже:
Білуі: Үй жануарларын бір – бірінен ажырату және оларды жекеше және көпше түрде айта алуы.Төлдерін танып, жаттаған тақпақтарын айта алуы.
Түсінуі: Жұмбақта айтылған ойды түсініп, шеше алуы, тапсырманы орындай білуі.
Қолдануы: Төрт түліктен алынатын өнімдерді біліп, олардың қалай дыбыстайтынын білуі.