Черчилльдің «ішкі дауысы»
11-01-2024
Балаларға арналған Мақта қыз бен мысық ертегісінің желісі бойынша жасалған қазақша мультфильмді тамашалаңыздар. Құрметті сайт қонақтары мен достары, сайтымыздың ютубтағы каналына жазылуларыңызды сұраймыз. Мақта қыз бен мысық ертегісі. Бір күні Мақта қыз үйін жинап жүріп, бір мейіз тауып алады да, мысығын шақырады, бірақ Мысығы келмейді.
Мақта Қыз: – Келмесең келме! – дейді де, мейізді өзі жеп қояды. Арада біршама уақыт өткен соң мысығы келіп: – мені Неге шақырдың? – деп сұрайды. Мақта қыз бірақ оған еш нәрсе айтпайды.
Мысық: – Ендеше мен сенің қатығыңды төгем! – дейді. Мақта қыз: – Онда Мен сенің құйрығыңды кесіп аламын! – дейді мысығына. Мысық Мақта қыздың айтқанын тыңдамастан қатықты төгіп жібереді. Мақта қыз мысықтың құйрығын жұлып алады.
Мысық: – Мақта қыз құйрығымды берші! – дейді.
Мақта қыз болса: – Менің қатығымды төле! –дейді. Содан Мысық сиырға барады. – Сиыр- Сиыр, маған қатық берші! – дейді.
Сиыр оған: – Менің қарным ашып тұр. Маған жапырақ әкеліп берші! – дейді.
Мысық ағашқа барады: – Ағаш, ағаш, жапырағыңды берші! – дейді. Ағаш мысыққа: – Мен шөлдеп тұрмын. Су әкелсең, жапырақ беремін, – дейді. Мысық су іздеп бара жатса, су әкеле жатқан қыздарды көреді.
– Қыздар, қыздар, маған су беріңіздерші! – дейді.
Қыздар оған: – Бізге сағыз әкеліп берсең, біз саған су береміз, – дейді. Мысық дүкенге барады.
– Дүкенші- Дүкенші, маған сағыз берші! – дейді.
Дүкенші: – Маған алдымен жұмыртқа әкеліп бер! – дейді. Мысық тауыққа барады.
– Тауық, тауық, маған жұмыртқа берші! – дейді.
Тауық: – Бізге дән әкеліп берсең, біз саған жұмыртқа береміз, – дейді. Мысық : «Енді не істеймін?» – деп бара жатқанда, бір ін қазып жатқан тышқанды көреді. Мысық тышқанды бас салады.
– Тез Жаныңның барында айт! Үйіңде не бар? – дейді. Тышқан қорыққанынан:
– Үйімде бір табақ тары бар, – дейді.
Мысық: – Маған бір уыс тары бер, – дейді. Тышқан үйіне барып, бір уыс тары әкеліп береді; мысық тарыны апарып тауыққа береді, тауық жұмыртқа береді; жұмыртқаны апарып дүкеншіге береді; дүкенші сағыз береді; сағызды апарып қыздарға береді, қыздар су береді; суды апарып ағашқа береді; ағаш оған жапырақ береді; жапырақты алып сиырға береді, сиыр қатық береді; қатықты апарып Мақта қызға береді, Мақта қыз мысықтың құйрығын қайтарып береді.