Шалқан ертегісі (ертегі)

Ерте бір заманда атай мен әжей өмір сүріпті. Олар бағбан екен және олардың бақшалары бар екен. Күндердің бір күнінде атай сол бақшасына шалқан отырғызады.
Оның еккен шалқаны үп-үлкен болып өседі. Атай оны бір күні жерден суырып алмақшы болады. Ары -бері тартады бірақ ол шалқанды шығара алмайды. Атай көмекке әжейді шақырады.
Әжей атайдан, атай шалқаннан ұстап, арлы-берлі тартады, бірақ тағы да оны орнынан қозғалта да алмайды. Әжей көмекке кішкентай немере қызын шақырады.
Немересі әжейден, әжей атайдан, атай шалқаннан ұстап, ары-бері тартқылайды бірақ, тағы күштері жетпей шығара алмайды. Бір уақытта кішкентай немере қызы итін шақырады.
Ит кішкентай қыздың етегінен, немере қызы әжейден, әжей атайдан, атай шалқаннан ұстап, ары -бері тартады. Бұл жолы тағыда шалқанды шығара алмайды.
Бұл жолы ит көмекке мысықты шақырады.
Мысық иттің құйрығынан, ит кішкентай қыздың етегінен, немере қызы әжейден, әжей атайдан, атай шалқаннан ұстап, ары-бері жұлқиды. Алайда шалқанды тағыда шығара алмайды.
Сол кезде Мысық, тышқанды шақырады. Тышқан келіп мысықтың құйрығынан, мысық иттен, ит немересінің етегінен, немересі әжейден, әжей атайдан, атай шалқаннан ұстайды.
Олар қайта-қайта жұлқып тартып ақыры дегенде шалқанды суырып шығарады.


