Кейіпкер жазушының бағы ма, соры ма?
20-05-2022
«Ертегі әлеміндегі ертекші әжеде қонақта»
(Ұйымдастырылған оқу-қызметі)
Оқу-қызмет мақсаты: тәрбиеленушілердің өткен тақырып бойынша
білімдерін жүйелі, тиянақтау. Балалардың көркем шығармалар арқылы тіл байлығын, ауыз екі сөйлеуін және оқу жылы бойы алған білім-біліктерін көрсету.
Оқу-қызмет міндеттері:
Білімділігі: балалардың білімге деген құштарлығын арттыра отырып, оқу жылы бойында алған білімдерін көрсете білуге қалыптастыру.
Дамытушылығы: балалардың ойлау қабілеттерін дамыта отырып, ауызша дағдыларын жетілдіру, сөздік қорларын молайту, сөйлеу мәдениетін дамыту.
Тәрбиелігі:балалар өз білімдерін пайдалана отырып көмектесуге тәрбиелеу.
Оқу-қызмет түрі: кіріктірілген іс-әрекет (ҚМҰҚ, сөйлеуді дамыту, көркем әдебиет, қоршаған ортамен таныстыру,музыка).
Оқу-қызмет әдісі: ертекші рөлі, сұрақ-жауап, қойылым.
Қажетті көрнекіліктер:ертегі үйшігі, жеке, сюжетті суреттер, қорап, себет, ваза, орман, ТЖ, хаттама, автобус макеті, жүргізуші-кондуктор костюмдері.
Шаттық шеңбері:
Психологиялық дайындық
Тәрбиеші: Екі көз не үшін керек?
Балалар: Жақсылықты көру үшін.
Тәрбиеші: Екі құлақ не үшін керек?
Балалар: Ақыл-кеңес тыңдау үшін.
Тәрбиеші: Екі қол не үшін керек?
Балалар: Елге көмек беру үшін.
Тәрбиеші: Ал жүрек не үшін керек?
Балалар: Бар жақсыны сезігу үшін.
Ұйымдастырылған оқу-қызмет барысы:
Бүгін бізде балалар ерекше оқу-қызметі ұймдастырылады. Бүгін оқу жылы бойында үйренген, меңгерген білімдерімізді ортаға салу үшін ертегілер еліндегі ертекші әжейге саяхаттап қайтайық. Ертегі әлеміне жету үшін автобусқа мінуіміз керек. Автобуста кімдер болады? Жолымыз сәтті болсын!
(Автобус бір сәтте тоқтай қалады. Не болды, неге тоқтадық?)
Тәрбиеші: балалар автобус бағдаршамға тоқтады.
- Орыс тілінде қалай атаймыз? (Светафор)
- Бағдаршамда неше шамы бар? (Үш шамы бар)
- Қызыл шам жанғанда не істейміз? (Тоқтаймыз)
- Сары шам жанғанда не істейміз? (Дайындаламыз)
- Жасыл шам жанғанда не істейміз? (Жүреміз)
Тәрбиеші: кондуктор жолдас автобустың теледидарын қосыңызшы.
(Теледидар қосылады, одан балаларға сұрақтар қойылады)
- Біздің Отанымыз қалай аталады? (Қазақстан Республикасы)
- ҚР бас қаласы қай қала? (Астана)
- ҚР рәмәздерін атаңдар (Гимн, елтаңба, ту)
(Төменгі өлең жолдарын хормен айту)
Отан деген-атаменке,
Отан деген туған жер.
Отан –ана,
Отан үлкен,
Қазақстан –туған жер.
(Жеке балалар тақпақтар оқиды)
Өгілдір туым желбіре,
Биіктерге қалықтап.
Туым үшін мақтанам,
Әнұраным шарықтап.
Тарих болып кешегім,
Көп жұмбақ шешемін.
Егемен еліме,
Еге боп өсемін!
- Біздің қаламыз қалай аталады? (Сәтбаев)
- Балабақшамыз қалай аталады? (Күншуақ)
- Топтың аты қалай аталады? (Балапан) СЛАЙД КӨРСЕТІЛЕДІ
Тәрбиеші: балалар, біздер ертекші әжейге келіпте қалдық, автобустан түсейік.
(Ертекші әже үйшікте отырады)
Ертекші әже: қош келдіңдер балалар!
Балалар: сәлеметсіз бе әже!
Тәрбиеші: ертекші әжей балалар сіздің ертегілерңізді тыңдауға келді.
Ертекші әже: иә, мен қуаныштымын. Менің ертегілерім өзгеше екенін білесіңдер ме балалар.
Тәрбиеші: әжей қандай ерекшеліктері бар екен айтыңызшы.
Ертекші әже: менің әр ертегілерімнің арнайы білімдеріңді анықтйтын тапсырмалары бар. Сол тапсырмаларды орындай аларма екенсіңдер балалар?
Тәрбиеші: біздің балалар барлығын біледі, балалар біздер әжейдің ертегілеріндегі тапсырмаларды орындай аламыз ғой иә?
Балалар: иә, орындаймыз.
Ертекші әже: олай болса менің бірнеше ертегім, мына суретке қарап таныңдар, бұл қай ертегіден?
Балалар: «Қасқыр мен жеті лақ» ертегісі
Тәрбиеші: балалар ертегіні мазмұндап берейік.
Балалар: бұл суретте қасқыр лақтардың анасы ешкінің дауысын салып алдап есікті ашқызып, алты лақты алып кетеді. Ана ешкі үйге келгенде пеште тығылып қалған бір лақты тауып алады. Ол лақтан не болғанын біліп алады. Сосын орманға барып қасқырды тауып алып лақтарын құтқарып алады.
Ертекші әже:иә, дұрыс таптыңдар, бұл ертегінің тапсырмасы хатқа салынған балалар сендер орындап беріңдерші.
Тәрбиеші: жақсы хатты маған беріңізші, мен балаларға түсіндірейін.
ТАПСЫРМА:
- Геометриялық пішіндерді атаңдар? (шаршы, үшбұрыш, дөңгелек)
- Түстерін атап беріңдер? (шаршы-қызыл, үшбұрыш-сары, дөңгелек-жасыл)
- Пішіндерге ұқсас заттарды осы ортадан тауып атаңдар.
Тәрбиеші: әжей көрдіңіз бе балалар тапсырманы әп-сәтте орындап шықты.
Ертекші әже: иә, байқадым, балалар ақылды екен. Енді мына суреттегі ертегіні табыңдар.
Балалар: «Бауырсақ» ертегісі
Тәрбиеші: бауырсақ кімдерден қашып кетеді?
Балалар: әже мен атадан.
Тәрбиеші: балалар ертегіде бауырсаққа нелер кездеседі?
Балалар: қоян, аю, қасқыр, түлкі.
Тәрбиеші: ертегінің соңында не болады?
Балалар: қу түлкі бауырсаққа кездескенде әнін тыңдағанда алдап құлағым естімейді тұмсығыма мініп айтшы деп, мінгенде афф деп жеп қояды.
Ертекші әже: Бауырсақ ертегісінің тапсырмасы мынадай тыңдаңдар.
ТАПСЫРМА:
- Сандарды атаңдар. (1,2,3,4,5)
- Сандар туралы санамақ айтып беріңдер.
- Уақытты бағдарлап беріңдер. (таң,күндіз,кеш, түн)
Тәрбиеші: әжей балалар бұл тапсырманыда орындап берді.
СЕРГІТУ СӘТІ: (видео бойынша)
Ертекші әже: тамаша дұрыс таптыңдар, енді мына суретті қарап қай ертегі екенін табыңдар.
Балалар: «Қызыл телпекті қыз» ертегісінен
Тәрбиеші: қызыл телпекті қыз қайда, кімге барады?
Балалар: орманға, әжесіне.
Тәрбиеші: қыздың алдынан не кездеседі?
Балалар: қасқыр.
Тәрбиеші: ертегі мазмұнын еске түсірейікші.
Балалар: қасқыр қызыл телпекті қыздан бұрын үйге тез жетіп барып әжені жұтып қояды. Қызды тосып жатады. Оны біліп қойған қызыл телпекті қыз үйге жұмыскерлерді ертіп келіп әжесін құтқарып қалады.
Ертекші әже: иә, дұрыс таптыңдар,қызыл телпекті қыз өте қайырымды оның балаларға арнап тапқан тапсырмасы мына қораптағы жануарларды өз мекендеріне орналастыруды сұрайды.
Тәрбиеші: балалар орындаймыз ба?
Балалар: иә, орындаймыз, біз жануарларға көмектесеміз.
ТАПСЫРМА:
- Үй жануарларын қайда орналастырамыз? (қораға)
- Жабайы аңдарды қайда орналастырамыз? ( орманға)
- Үй құстарын атаңдар. (тауық, әтеш, үйрек, қаз, күркетауық)
- Дала құстарын атаңдар. (торғай, қарға, сауысқан, кептер, тоқылдақ)
Тәрбиеші: әжей балалар жануарларды өз мекендеріне апарып, құстарды атап берді не дейсіз.
Ертекші әже: балалар тарқыр екен. Енді тағыда мына суреттегі ертегіні тауып, тапсырмасын орындасын.
Балалар: «Шұбар тауық» ертегісі
Тәрбиеші: тауық қандай жұмыртқа табатын еді бұл ертегіде?
Балалар: алтын жұмыртқа тапты.
Тәрбиеші: алтын жұмыртқаны не жарып кетеді?
Балалар: тышқан құйрығымен жерге түсіріп жарып тастайды.
Тәрбиеші: шұбар тауық аже мен атаны не деп жұбатады?
Балалар: жарылып қалған жұмыртқаға әже мен ата қамығып қалады. Сонда тауық оларға қамықпаңдар мен сендерге жай қажетті жұмыртқа тауып беремін дейді. Сөйтіп тауық көптеген ақ жұмыртқалар тауып қуантады.
Ертекші әже: балалар ертегіні жақсы біледі екенсіңдер. Енді тауықтың тапсырмасын орындаңдар.
ТАПСЫРМА:
а)Жұмбақ шешу
Өзі үлкен алдарыңда,
Жапсырасың суретті.
Магнитпен қолданыста,
Көмекші құралымен. Ол не? (тақта)
Ертекші әже: дұрыс таптыңдар, алдарыңдағы тақтаның артында кеңістікті бағдарлауға арналған тапсырмалар бар, соны орындаңдар.
ә) Кең және тар жолдарды бағдарлау.
(«Көжектің үй» атты ертегіден суреттер ұсынылды. Үйге түлкі кең жолмен келеді, қоян тар жолмен келеді)
б) Жоғары мен төмен ұғымдарын бағдарлау жұмысы. (Картинаны сөйлету)
Тәрбиеші: балалар көптеген тапсырмаларды орындадыңдар, енді сәл сергіп алайық.
СЕРГІТУ СӘТІ:
Қанат жаям жалма-жан,
Талпынғандай ұшуға.
Иіліп кеп қол созам,
Аяғымның ұшына.
Ертекші әже: иә, балалар тамаша екен. Енді мына ертегініде білетіндіктеріңе күмәнім жоқ.Сурет көрсетілді.
Балалар: «Маша мен аю» ертегісі
Тәрбиеші: Маша орманда не істейді?
Балалар: орманда адасып кетеді, аюдың үйшігіне кездеседі.
Тәрбиеші: ертегінің мазмұнын айтып берейікші.
Балалар: аю Машаны жібермей қояды. Үйінде тамақ істетіп, тазалатқызады. Бір күні Маша қыз қулық жасап себетке мініп өз үйіне жетіп қалады.
Ертекші әже: бұл ертегінің тапсырмасы мына себетте.
ТАПСЫРМА:
Тәрбиеші: балалар мына себетте қөқөністер мен жемістер араласып жатыр екен. Соларды бөліп ыдыстарға салайық.
- Жемістерді вазаға салады (алма, алмұрт, апельсин, банан).
- Көкөністерді кострюлге салады (картоп, жуа, қызылша, сәбіз).
- Жыл мезгілдерін атау. (қыс, көктем, жаз, күз)
- Әр жыл мезгілдеріне байланысты ауа-райының белгілерін атаңдар. (жаңбыр, найзағай, қар, жел).
Ертекші әже: тамаша енді соңғы ертегімді таба қойыңдар.Тыңдаңдар!
- Үлкен болып өсіпті.
- Атайға көмекке әжей келіпті.
- Атай мен әжейге немере қызы көмекке келіпті.
- Немере қыз аф-афты көмекке шақырады.
- Аф-аф мяу-мяуды көмекке шақырыпты
- Мяу-мяу шиқ-шиқты көмекке шақырыпты. Бұл қай ертегі?
Балалар: «Шалқан» ертегісі.
Ертекші әже: дұрыс таптыңдар, сендер барлығын біледі екенсіңдер.
Тәрбиеші: әжей біздің балалар «Шалқан» ертегісін сахналап береді, оған қалай қарайсыз.
Ертекші әже: а-а-а балалар рөлдерде ойнайда біледі екен ғой, тамаша.
(Ұйымдастырылған оқу-қызметі ертегіні сахналау арқылы қорытындыланады)
Сейтжапбарова Гульнар Бухарбаевна
Қарағанды облысы, Сәтбаев қаласы,
№33 «Күншуақ» бөбекжай балабақшасы КМҚК, тәрбиеші