Орыс өте шыдамды халық - саясаткер
20-06-2022
Акымжанова Асем Бақытбекқызы №154 бөбекжай-балабақшасының 2-санатты тәрбиешісі
Білім беру саласы: Коммуникация.
Білім бөлімі: Көркем әдебиет.
Мақсаты: Балаларды ертегіні мұқият тыңдай білуге,тіл байлығын дамытып,байланыстыра сөйлей білуге,сұраққа толық жауап беруге дағдыландыру,олардың ертегіге деген қызығушылығын арттыру.
Көрнекілік: Кейіпкерлердің суреттері,бейнетаспа,конус театры.
Шаттық шеңбері:
Алдымыздан кезіккен, көп танысты көреміз. Барлығына ізетпен, иіліп бас иеміз.
(Балалар шеңбер бойына тұрып шаттық шеңберін айтады). -Балалар көңіл күйіміз жақсы болсын деп бір-бірімізге алақанымыздың жылуын сыйлайықшы.(Балалар қолдарынан ұстайды). -Қане алақанымыздың жылуын, ыстығын сездік пе (Балалардың жауабы).
-Олай болса,бір-бірлеріңе деген ыстық сезімдерің өшпесін.Әрқашанда тату болып,дос болып жүре беріңдер.
-Балалар орнымызға отырайық,жыл мезгілі туралы әңгімелесейік.
-Қазір жылдың қай мезгілі
(Балалардың жауабы). -Күз мезгілінде табиғатта қандай өзгерістер болады.
-Күзде қалай киінеміз (балалардың жауабы). Өте жақсы жарайсыңдар.Күз мезгілі туралы кім тақпақ біледі? (Балалар күз туралы тақпақтар айтады).
-Өте тамаша сендер күз туралы тақпақты жақсы айттыңдар.Балалар қазір мен сендерге күз мезгілі туралы жұмбақ жасырамын,сендер жауабын тауып көріңдер.
Жұмбақ.
Ағайынды бәрі , шықса жасыл , түссе сары. (Балалар жұмбақты шешеді).
-Балалар сендер жұмбақ білесіңдер ме? қане бір-бірлеріңе жасырып көріңдерші.(Балалар жұмбақ жасырады)
Тосын сәт: телефон шырылдап,Алпамыс қоңырау шалады.Балаларға сұрақ қояды.(балалар жауап береді).
Балаларды мадақтап тосын сый жібереді.
-Балалар Алпамыс сендердің жауаптарына риза болып тосын сый жіберіпті.Оның не екенін көру үшін көгілдір экранға назар аударайық.Дискіден «Түлкі мен тырна» орыс халық ертегісін көрсету.
Сұрақ-жауап. -ертегілерде қандай кейіпкерлер кездесті? -түлкі не істеді?(Балалардың жауабы). -өте жақсы.
Сергіту сәті.
Тамшылар тамады,терезе қағады.
Жылғалар ағады,жаңбыр көп жауады
Жапырақ жылайды,көмекті сұрайды.
Жел соғып кенеттен,төгіліп құлайды.
-Ал балалар бойымызды сергітіп алсақ,ертегімді бастайын.Қазір мен сендерге конус театры арқылы «Шалқан» ертегісін айтып беремін,мұқият тыңдайық. «Шалқан» ертегісін конус театры арқылы көрсетіп,айтып беру.
Сұрақ-жауап.
-Ертегі ұнады ма? -ертегі не туралы? (Балалардың жауабы). Қортынды.Дидактикалық ойын Өзің тап. Шарты жасырын тұрған суреттерді алып тақтаға іледі де, аттарын айтады.
-Балалар бұл жай суретпе,әлде ертегі кеіпкерлері ма -оны қайдан білдіңдер Суретте шалқан ертегісіне ұқсай ма?
-Олай болса,тақтадағы суреттерді ертегі желісімен қойып көриікші. (Балалардың жауабы).