Ашық сабақ. Дене шынықтыру. Төменгі және жоғарғы сөреден жүгіру техникасы
Төменгі және жоғарғы сөреден жүгіру техникасы
Сабақтың тақырыбы: Төменгі және жоғарғы сөреден жүгіру техникасы
Сабақтың мақсаты:
1) Төменгі және жоғарғы сөреден жүгіру техникасын жетік меңгерту арқылы икемдік, тұтас қозғалыстың үйлесімділігін қалыптастыру.
2) Оқушының шапшаңдық, шыдамдылық қасиеттерін дамыту
3) Адамгершілікке, төзімділікке тәрбиелеу.
Сабақтың міндеті:
а) Дене қызметін үнемі арттыру аясында денсаулықты нығайту.
ә) Жеке тұлғаны үйлесімді дамыту.
б) Оқушыларды еңбекқорлыққа тәрбиелеу.
Сабақ өтілетін жер: мектеп алаңы
Сабаққа керек құралдар: секундомер, ысқырық, ақ, қызыл түсті жалаушалар
Дайындық бөлім 10' - 12'
1 Сапқа тұрғызу Түзел! Тік тұр!
Рапорт қабылдау, сәлемдесу.
2 Жаңа сабақтың тақырыбын хабарлау
3 Саптық жаттығуларды орындау:
«Оңға», «Солға», «Кері айнал», «Бір қатардан екі қатарға сап түзе» т. б
4 Жай жүріспен орындалатын дене қыздыру жаттығулары:
- Қол жоғарыда, аяқтың ұшымен жүру.
- Қол белде, өкшемен жүру.
- Қол белде, табанның ішімен және сыртымен жүру.
- Қол алда жартылай отырып жүру.
5 Жай жүгіріс кезінде орындалатын дене қыздыру жаттығулары:
- Бір қалыпты жүгіру.
- Оң, сол қапталмен жүгіру.
- Оң, сол қапталмен аяқты қайшылап жүгіру.
- Қолды шынтақтан бүгіп алақанға тізені тигізіп жүгіру.
- Қол артта өкшені алақанға тигізіп жүгіру.
6 Тыныс алу жаттығуларын орындау:
- Қол жоғарыда, аяқтың ұшымен терең дем алып, еңкейіп дем шығару.
7 Жалпы дамыту жаттығулары
- Б. Қ. аяқ иық көлемінде қол белде 1 - 2 басын солға, 3 - 4 оңға айналдыру.
- Б. Қ аяқ иық көлемінде қол иықта 1 - 2 шынтақты алға, 3 - 4 артқа айналдыру.
- Б. Қ аяқ иық көлемінде қол белде1 - 2 белді солға қарай, 3 - 4 оңға қарай айналдыру.
- Б. Қ аяқ иық кеңдігінде 1 қолды жоғары көтеру, 2 еңкейіп қолды аяқтың ұшына тигізу, 3 қолды алға созып отыру, 4 Б. Қ келу.
- Б. Қ аяқ иық кеңдігінде қол алда 1 отырамыз,
2 Б. Қ келеміз.
Негізгі бөлім 28 - 30'
1. Төменгі сөреден жүгіру техникасы:
Дайын сөре қалыбының тұрақты бұрышы шамасы 45° ал, артқы тірегіштің бұрышы 80° дейін өзгертуге болады.
- Сөреге! деген команда естілген бетте екі қолдың ұшын жерге тигізіп, екі иық сөре сызығының үстіне немесе сәл алға шыққан қалыпта бір тізерлеп отырады.
- Дайындал! деген команда берілгенде жүгіруші артқы тізе мен денені сәл көтеріп, ауыз арқылы тез әрі терең тыныс алады.
- Жүгір! (Марш) деген бұйрық берілгенде жүгіруші қолын жерден көтере алға қарай бар пәрменімен ұмтылады.
- Мәре кермесіне жақындағанда шамамен 1м қалғанда жүгіруші денесін алға еңкейтіп шапшаңдықты бәсеңдетпестен мәре сызығын жүгіріп өткені жөн.
2. Төменгі сөреден жүгіру:
2х30 м жүгіру
1х40 м жүгіру
1х60 м жүгіру
3. Жоғарғы сөреден жүгіру техникасы:
- Жоғарғы сөреден жүгіру түрегеп тұрған бастапқы қалыптан басталады.
-«Дайын бол» пәрменін естігеннен кейін аяқтарды бүгіп, кеудені алға еңкейтеді.
-«Марш» пәрмені естілгенде кеуде сөреден шыққаннан кейін тез жазылады.
4. Жоғарғы сөреден жүгіру:
Жоғарғы сөреден ең жоғарғы жылдамдықпен жүгіріп, бірте - бірте екпінді жүгіріспен жүгіру.
Қорытынды бөлім
5. Оқушыларды сапқа тұрғызу.
Денені қалыпқа келтіру жаттығулары.
Сабақты қорытындылау.
Үйге тапсырма: 100 м жүгіру