Трамп Украинадағы соғысты қалай шешеді?
30-10-2024
Бейнелеу өнері 3 «А» сынып
Сабақ № 23
Сабақтың тақырыбы: Су астындағы тамаша әлем.
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: ермексазбен жұмыс жасаудың әдіс- тәсілдерін меңгерту, нәтижелі жұмыстануын ұйымдастыру, пәнге қызығушылығын арттыру.
Дамытушылығы: Эстетикалық көзқараспен қарау дағдыларын қалыптастыру, аңғарғыштықтарын дамыту.
Тәрбиелігі: Оқушылардың теориялық ойларын ықшамдап, ұйымшылдыққа , нақтылықа, жүйелі жұмыс жұмыс жасауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: түсіндіру, баяндау, топпен жұмыс.
Көрнекілігі : Үлгі жұмыс, бейнебаян, презентация
Құрал-жабдықтар: қатырмақағаз, ермексаз, сумоншақтар
Пәнаралық байланыс: технология, дүниетану, география.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
Топқа бөлу. Психологиялық тренинг. Мультфильм «Қызылқанат балық».
ІІ. Өткен сабақты еске түсіру, пысықтау сұрақтары:
Суасты ғажайыптары деп нелерді атауға болады?
Осы айтылған ғажайыптар туралы басқа қай сабақтан білесіңдер?
Өздерің айтып отырған ғажайыптардың бірін сендер көріп па едіңдер?
Теңіз асты суының түсі қандай болады?
ІІІ. Жаңа сабақ.
Өткен сабағымызда су астындағы тамаша әлеммен танысып, тамашалап, суреттерін салған болатынбыз.
Ал, бүгінгі сабағымыздың мақсаты: тақырып туралы тереңірек түсіндіріп, су асты тіршілігін ой- қиялымыз арқылы ермексаздың көмегімен әсерлі бейнелеуге үйрену.
Ермексазбен және сумоншақпен жұмыс жасаудың әдіс – тәсілдерін меңгеру.
Мына тамаша бейнебаянда көріп отырған суасты кереметтерін бір сәтке ойымызға жинақтап, су асты ғажайыптарын бедерлі кескіндеу арқылы орындаймыз. Бедер - деп жазық бетте шығыңқы мүсіндік кескіндеуді айтамыз.
Жұмысымыз бірнеше кезеңде жүргізіледі.
Сергіту сәті. «Көңілді күн»
ІҮ. Жұмысқа нұсқаулық
Жұмыс орнын ұйымдастыру.
Қауіпсіздік ережесін сақтауды ескерту.
Әр топқа қатырғы қағаз бен ермексаздар, су моншақтар таратылады. Топтағы әр балаға жеке-жеке тапсырма беріледі. Жұмысты топ басшы қорғайды.
Нұсқау карта
№ | Жұмыстың орындалу түрі | Керекті заттар |
1 | Қағазға суретін салу | Көк қағаз, қалам |
2 | Суретті бедерлеу | ермексаз |
3 | Сумоншақтармен әсерлеу | сумоншақтар |
Ү. Сарамандық жұмыс.
Оқушыларды үлгі жұмыспен таныстыру. Әуелі қатырғықағазға бейнені салып аламыз. Одан кейін жалпылама формасы қойылып сумоншақтармен әр бөлшектері, әр түрлі түстермен әсемделеді. Жұмыс ұқыпты , әдемі орындалған болуы керек.
Әр топқа осы нұсқау карта таратылып беріліп, сол бойынша жасайды. Оқушылар жұмысын қадағалау. Кейбіреулеріне көмек беру.
ҮІ. Қорытындылау.
- Балалар сабақ қызықты болды ма?
- Бүгін біз не үйрендік?
Топбасшылар жұмыстарын қорғайды.
ҮІІ. Үйге тапсырма. Бедерлі мүсіндеу.
ҮІІІ. Бағалау.
Шоқан Уәлиханов атындағы мектеп – гимназиясы
Су астындағы тамаша әлем
3 «А» сыныбы
Бейнелеу пәні мұғалімі: Ниязова Т.Б.
№ | Жұмыстың орындалу түрі | Керекті заттар
|
1 | Қағазға суретін салу | Көк қағаз, қалам |
2 | Суретті бедерлеу | ермексаз |
3 | Сумоншақтармен әсерлеу | сумоншақтар |
№ | Жұмыстың орындалу түрі | Керекті заттар
|
1 | Қағазға суретін салу | Көк қағаз, қалам |
2 | Суретті бедерлеу | ермексаз |
3 | Сумоншақтармен әсерлеу | сумоншақтар |
№ | Жұмыстың орындалу түрі | Керекті заттар
|
1 | Қағазға суретін салу | Көк қағаз, қалам |
2 | Суретті бедерлеу | ермексаз |
3 | Сумоншақтармен әсерлеу | сумоншақтар |