Ашық сабақ. Бейнелей өнері. Композиция жасаудағы түстік үйлесім

Oinet.kz 26-11-2019 1139

Сабақтың тақырыбы: «Композиция жасаудағы түстік үйлесім»

Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Оқушыларға композиция және перспектива жайлы кеңірек ұғым беру. Сурет салудағы тұтас құру қабілетін дамыту.
Дамытушылығы: Халқымыздың бейнелеу өнері шеберлерімен және олардың еңбектерімен таныстыру. Сурет салу арқылы қолды жаттықтырып оқушылардың шеберлігін ұштау.
Тәрбиелілігі: Оқушыларды нәрселерді безендіру жұмыстарымен таныстырып, өздерінің ою - өрнектен композиция құрумен шұғылданып, осы өнерге деген қызығушылығын арттыру.

Құрал - жабдықтар, көрнекті құралдар:
Сурет салуға арналған альбом, түрлі – түсті қарындаштар, суретшілер шығармалары, алдын ала дайындалған зат пішінін тұтас көру үшін салынған үлгі сурет кестелері. Түрлі - түсті қағаздар, қайшы.

Сабақ түрі: Аралас сабақ.

Әдіс – тәсілдер: Түсіндіру, әңгімелеу, сұрақ - жауап.

Сабақ барысы:
1. Ұйымдастыру.
2. Өткендерді қайталау, шолу жасау.
3. Жана тақырыпты баяндау.
4. Сарамандық жұмыстар, түрлі - түсті қағаздан ою -
өрнектер қиып жаттығу.
5. Өтілген сабақ туралы алған білім – білік
дағдыларын нақтылау.
6. Сабақты қорытындылау, үйге тапсырмалар беру.

Жаңа сабақ:
- Тұтас көру дегеніміз бейнелейтін дененің оның қандай да болсын бір жағынан қарай отырып, көрінбейтін жағын да толық көз алдына келтіру. Композициялық жұмыстарды жасауда заттың өзіне қарап мүмкіндігінше көп жұмыс жасау керек. Түстік композиция – ол алдыңғы ғасыр Германиядағы(Bauhaus) " бау - хаус " көркем өнер Академиясындағы жаңа шығарылған сабақтың бірі. Сол кезде түстік композиция жаңа идеяларды шығарып, көне дәстүрлі өнерді өзгертіп көрсеткен. Түстік композиция жобалаудың бір бөлігі болғанменен композициямен жобалау бірдей емес. Кез келген суретті салу композициядан басталады. Композиция дегеніміз- салынатын суреттегі барлық бөліктерді байланыстырып, орынды құрастыру, үйлестіру. Сурет мазмұнын ашу, пішінді нақты табу, шығарма көлемін табу т.б. дұрыс беру композициялық құрылым элементтеріне байланысты. Үйлесімділік құрылымы күшті көркем шығарма адамға айрықша әсер етеді. Үйлестіру мен сюжет өзара тығыз байланыста болады. Сюжет дегеніміз – шығарманың мазмұнының көрінісі, оқиғалар жүйесі. Композициялық шешімде симметрия және асимметрия үлкен рөл атқарады, және оның түстік, реңдік қатынастары өте маңызды.Яғни форматқа сурет ішіндегі бейнелерді белгілі бір ретпен ыңғайластырып, жарасымды орналастыруы. Дұрыс композициялық шешімдер арқылы бейнелейтін көріністі шашыратпауға, ұсақ бөлшектердің, басты назар аударуды қажет ететін басты бөлшектердің ерекшеліктерін көре білу қажет. Күн сәуле болмаса түсте болмайды, күн сәулесі адамдардың түсті тануында өте маңызды рол атқарады. Түс күн сәулесінен пайда болды. Ол түрлі затқа түсу арқылы түрлі түс көрсетеді. Күн сәулесі түскен заттағы түс пен лампочка жарығы түскен заттың түсі бірдей болмайды. Түнгі қараңғыда заттың түсі ажыратылмайды., осыған орай, физик Давид Робот: «түстердің ішінде негізгі үш түс болады, олар: қызыл, сары, көктүстер. Қалған түстер осы үш негізгі түстердің қосылысынан пайда болады»-деген екен.
- Графикалық сурет пен кескіндемелік сурет салуда сызықтық, пішінді құруда құрымдылық, тепе - теңдік «пропорция» көлем, жарық пен көлеңке, көңіл күй мен жай - жапсарды беру жүйеленеді, әсіресе композициялық қарекеттер жайлы ерекше айтуға болады. Кез келген суретті салу композициядан басталады.
- Композиция – салынатын суреттегі барлық бөліктерді бір - бірімен өзара байланыстырып, орынды құрастыру.

Сарамандық жұмыстар:
Оқушылар алдарындағы түрлі - түсті қағаздарды бүктей отырып, «қошқармүйіз» өрнегінің жарты көрінісінің эскизін сызып, оны көрсете бастайды. Алынған оюды ақ қағаз бетіне желімдеп, «қос алқа», «қошқармүйіз», «ботамойын», «сынықмүйіз» өрнектерінің бірнеше түрлерін қиып жаттығады.

Қорытындылау:
1. Оқушылардың сабаққа қатысын бағалау.
2. Үйге тапсырма ретінде бір - біріне ұқсас ою-өрнектерден шығармашылық жұмыстар тапсырылады.

Ашық сабақ. Бейнелеу өнері. Кескіндеме жасауда майлы бояуды қолдану
Ашық сабақ. Бейнелеу өнері. Су астындағы тамаша әлем
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу