Ашық сабақ. Технология. Компьютерді тігін өндірісінде және қолөнерде пайдалану

Oinet.kz 25-07-2020 832

Сабақтың тақырыбы: Ақпарат туралы түсінік. Компьютерді тігін өндірісінде және қолөнерде пайдалану.

Сабақтың мақстаы:

1.Білімділік: Құрақ үлгілерін компьютерге түсіріп, сызып, бояудың әдіс-тәсілдерін меңгеру, алған білімдерін компьютер арқылы көрсетуге, жинақтауға дағдыландыру.

2.Тәрбиелік:Өз халқының салт-дәстүрін құрметтй білуге, ұлтының ерекшеліктерін түсінуге тәрбиелеу.

3.Дамытушылығы:Оқушылардың теориялық білімдерін іс-жүзінде шығармашылықпен көрсетуге ықпал ету, сарамандық іс-әрекеттерін қалыптастыру.

Сабақтың түрі:

Пәнаралық байланыс: Информатика, сызу, геометрия

Құрал -жабдықтары: Интер белсенді тақта, компьютер, смайлик картоякалар.

Сабақтың жүрісі:

І.Ұйымдастыру кезеңі

1.Оқушыларды түгенду, сабаққа даярлау

ІІ. Жаңа сабақ

Ақпарат туралы түсінік.

   Қазіргі кезде әлемде ақпарат және ақпараттық технологbяның маңызы ерекше. Сендер осыған дейін 7 сыныпта информатика пәнінен ақпарат туралы мағлұмат алдыңдар.

Ақпарат дегеніміз не?

"Ақпарат" сөзі латынның түсіндіру, баяндау, мәлімет деген ұғымдарды білдіретін informatio сөзінен шыққан.

Адам ақпарат арқылы не істей алады? (слайд)

Біріншіден адам ақпаратты сақтай алады.

  Біз газет - журналдар оқығанда, ақпаратты есте сақтап жинаймыз. Сендер радиодан бұрын естіген жаңалықтарды бірнеше күн өткеннен кейін біреуге айтып бере аласыңдар. Демек,  адам миs ақпараттарды тек қабылдап қоймай, сақтай да алады.Адамзаттың жинаған білімі мен тәжірибесі өте көп. Сондықтан адамның миы оларды түгел сақтай алмайды және қабылдаған ақпаратты өзгеріссіз жеткізе алмайды. Сол себептен оларды сақтау үшін, сыртқы ақпарат тасушылар: қағаз,папирус, түрлі таспалар, дискілер қолданылады.

Екіншіден, адам ақпаратты жеткізе алады:

Мысалы:бір-бірімізбен сөйлескенде, теледидардан хабар естігенде, кітап оқығанда. Әңгіме кезінде бір адам айтушы яғни, ақпарат беруші. Екінші адам тыңдаушы яғни, ақпарат қабылдаушы.

Үшіншіден, адам ақпаратты өңдей алады:

Мысалы:1). Сендер есеп шығарғанда шартын оқулытан оқисыңдар -ақпарат аласыңдар;

2). Есепті шешесіңдер, ақпаратты өңдейсіңдер;

3). Нәтижесін мұғалімге көрсетіп, ақпарат бересіңдер;

Сонымен адам ақпаратты сақтай алады, өңдейді, жеткізеді. Осының бәрі ақпараттық процесс болып саналады.

Компьютер - ақпараттық процестерді таратуда қолданылатын негізгі құрал болып табылады.

Компьютерді қолдану аясы:

1.Құжаттарды дайындау;

2.Керек ақпаратты кешенді сақтау;

3.Құжатты сақтауға көбейтуге ыңғайлы;

4.Берілген каталогтер бойынша банк құру;

5.Локальдық желіні ұйымдастыру;

Электрондық поштамен жұмыс;

Презентацияларды құжаттастыру;

Cызбаларды дайындау;

Компьютер технологиялық процестерді басқаруға көмектеседі. Оның ішінде тігін өндірісі де бар. Киім дайындау үшін жобасын сызу, техникалық операцияларды орындау, бұйымды өңдеу сияқты көптеген сатылар автоматтандырылған. Автоматтандырылған тігін машиналары операция жылдамдығын арттырып, жұмыстың дәл орындалуын қамтамасыз етеді. Мұндай автоматтарды компьютер басқарады.Қазіргі таңда кестелеуге арналған компьютермен автоматтандырылған тігін машиналары бар. Компьютерде  кестенің бағдарламасын енгізу арқылы жұмыс жасауға болады. Сонымен қатар, компьютерде Word  мәтінді редакторындағы автофигуралар көмегімен құрақ үлгілерін салуға болады. Ол үшін  Word мәтінді редакторын іске қосамыз. Терезе ашылады.Сурет салу аспаптар тақтасындағы автофигуралардың көмегімен құрақ үлгілерін жобалап, сызып үйренуге болады. Әр түрлі геометриялық фигураларды пайдалана отырып, "Жұлдыз" құрағын саламыз. Фигураның үстіне тышқанның оң жағын басып автофигураларды форматтау командасын таңдап түс және сызықтарды пайдаланып құрақтың ішін бояумен толтырамыз. (компьютерде көрсету)

ІІІ.Сабақты бекіту.

Сарамандық жұмыс: "Құрақ үлгілерін компьютердің көмегімен жобалап, сызып үйрену"

Компьютерді іске қоспас бұрын техника қауіпсіздігін еске түсірейік.

1.Кабельдердің қосылған орындарына тиюге;

2.Жұмыс істеп тұрғанда экранға, монитор мен пернетақтаның сырт жағына тиюге;

3:Мұғалімнің рұқсатынсыз аппаратураларды іске қосуға, үзуге;

4.Кітап, дәптер және тағы басқа заттарды монитордың, пернетақтаның үстіне қоюға;

5.Су киіммен, су қолмен компьютерде жұмыс ітеуге ТИЫМ САЛЫНАДЫ

ІV.Қорытынды:"Рефлекция"

Сабақтың ұнаған жағы                 Сабақтың ұнамаған жағы

V.Бағалау.

VI.Үйге тапсырма: Басқа да құрақ түрлерін компьютер көмегімен жобалап сызу


Ашық сабақ. Технология. Жапсырмалау, әдіптеу,жиектеу.
Ашық сабақ. Технология. Оюлар
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу