Егіздер 3 қабат терезесінен құлап кетті

Oinet.kz 30-06-2022 902

Атырауда 5 жастағы егіздер көп қабаттың үйдің үшінші қабаттағы терезесінен құлап кетті, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі "Мой город" порталына сілтеме жасап. 

Screenshot_3.jpg

Атырау облыстық ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, 27 маусым күні сағат 22:10-да Нұрсая ықшам ауданында орналасқан үйдің үшінші қабатынан 5 жасар егіз қыздар құлады. Олар москит торына сүйенгенде, ол қыздардың салмағын көтере алмаған. 

Қыздардың анасы көрші бөлмеде болған. Екі қыз да облыстық балалар ауруханасының жан сақтау бөліміне жеткізілді. 

Құтқарушылардың айтуынша, көбінесе 5 жасқа дейінгі балалар (80% жағдайда) осындай оқиғалардың құрбаны болады. Көп жағдайда терезеден құлау ересектердің салғырттығынан және жиһаздың терезеге жақын орналасуынан болады. 

Маңғыстаулық дәрігерлер улы жәндік шаққан тұрғынды ажалдан арашалап қалды
Алматыдағы Mega Towers ғимаратында лифт 25 қабатқа жылдам көтеріліп, шатырға соғылды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу