Солтүстік Қазақстанда түрме бастығы ұсталды

Oinet.kz 27-02-2026

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №52 мекеме бастығы пара алды деген күдікпен ұсталды, деп хабарлайды Оinet.kz порталы  Kazinform агенттігіне сілтеме жасап.

image.png

Аталған жайтқа байланысты агенттік жолдаған сауалға Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті жауап берген.

«Көрсетілген факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулер жүргізіліп жатыр. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы 1-тармағына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды», — делінген ресми хабарламада.

Бейресми деректерге сүйенсек, түзеу мекемесінің басшысы сотталған азаматты шартты түрде мерзімінен бұрын босатуға ықпал ету үшін пара алуы мүмкін.

Халық арасында «еркін қоныс» аталып кеткен №52 түзеу мекемесі Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданының Ольшанка ауылында орналасқан. 2024 жылдан бері колонияны полковник Рүстем Рахметов басқарған.

Алтын ұрлаған адам ұсталды
Айдарға кіру
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу