Маңғыстаулық дәрігерлер улы жәндік шаққан тұрғынды ажалдан арашалап қалды

Oinet.kz 30-06-2022 941

Маңғыстау облысы, Құрық ауылының тұрғынын улы жәндік шығып, облыстық көпсалалы ауруханада дерек медициналық көмек көрсетіп, аман алып қалды. Дәрігерлердің айтуынша науқастың жағдайы қазір тұрақты, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі “Лада” порталына сілтеме жасап.

Screenshot_2.jpg

Оқиға 28 маусымда Құрық ауылында сағат 03:00 шамасында болған. Ер адам Маңғыстау облыстық ауруханасының қабылдау бөліміне жеткізіліп, оған уақытылы медициналық көмек көрсетілген.

“50 жастағы науқас қабылдау бөлімшесіне ауыр халде жеткізілді. Біздің дәрігерлер қарақұрт уына қарсы дәріні уақытында енгізіп үлгерді. Кейін ер адам жансақтау бөліміне ауыстырылды. Қазіргі уақытта өрмекшінің уынан зардап шеккен адамның жағдайы тұрақты”, - деді қабылдау бөлімінің меңгерушісі Биздібай Аймокенов.

Дәрігерлер маңғыстаулықтарды сақ болуға шақырады. Бұл биылғы жылы қарақұрттың алғашқы шағуы. Сонымен қатар мамандар маусым айында бұл өрмекшілердің көбейетін, ал келесі айда олардың уларының уыттылығы күшейетінін жеткізді. Сонымен қатар қарақұрт уының жылан уынан 15 есеге күштірек екенін жеткізді.

"Қай министр өтірік айтып жатыр": Тамара Дүйсенова
Егіздер 3 қабат терезесінен құлап кетті
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу